Алаш жылнамасы

Алаш жылнамасы

1905 жыл, 26 маусым – Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мәселелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған петиция (құзырхат) жолданды.
1905 жыл, 15 тамыз – Нижний Новгород қаласында Бүкілресейлік мұсылмандардың I сиезі өтті.
1905 жыл, 17 казан – Ресей патша үкіметі баспасөз бостандығына, мектепте ана тілде оқу еркіндігіне т.б. рұқсат берген манифест жариялады.
1905 жыл, 6-13 қараша – Мәскеуде жергілікті жер және қала қайраткерлерінің сиезі өтіп, мұнда Ә.Бөкейхан сөз сөйледі. Ресми үкімет «А.Байтұрсынұлының 46 мысалын бастыруға рұқсат бермей жатқанын» жеткізді.
1905 жыл, 19 караша – I автономшылар сиезінде М.Тынышбаевтың «Киргизы и освободительное движение» атты баяндамасы оқылды.
1905 жыл, 25-27 караша – «Семипалатинский листок» газетінде Ә.Бөкейханның «Абай (Ибрагим) Кунанбаев. Некролог» атты еңбегі жарияланды.
1905 жыл, желтоксан – Орал каласында Қазақ облыстары өкілдерінің сиезі өтті. «Қазақ конституциялык-демократиялық партиясын» кұру туралы шешім алынды. Сиезге Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Бердиев, М.Бақытгереев, И.Тоқбердиев, Н.Ипмағамбетов, М.Мұқанов, М.Рахымберлиев, Ізбасаров, Ү.Дүйсембин т.б. қатынасты. Мұнда «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының» бағдарламасы қабылданды.
1906 жыл, 15-23 қаңтар – Санкт-Петербург қаласында Бүкілресейлік мүсылмандардың II сиезі өтті. Сиезге С.Жантөрин, У.Танашев, М.Оразаев, Ш.Қосшығұлұлы т.б. қазақтар қатынасты.
1906 жыл, 27 сәуір-10 шілде – Ресей Мемлекеттік I Думасы жұмыс істеді. Оған қазақтан Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, С.Жантөрин, А.Қалменов, Д.Тұндыт, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Құлманов, М.Тайын мүше болды.
1906 жыл, маусым – Семейде қазақ сайлаушыларының сиезі өтті. Сиезде Ә.Бөкейхан, Ш.Құдайбердіұлы т.б. сөз сөйледі.
1906 жыл, 16 тамыз – Нижний Новгородта Ресей Мұсылмандарының III сиезі өтті. Сиезге С.Жантөрин, Ш.Қосшығұлұлы, Ж.Алдоңғаров т.б. қазақтар қатысты.
1906 жыл – Қазан қаласында Ресей мұсылмандары мұғалімдерінің сиезі өтті.
1906 жыл – «Русский Туркестан» журналында М.Тынышбаевтың «Киргизы и освободительное движение» атты мақаласы жарияланды.
1907 жыл, 20 ақпан-3 маусым-Ресей Мемлекеттік II Думасы жұмыс істеді. Оған қазақтан М.Тынышбаев, Т.Алдабергенов, Ш.Қосшығұлүлы, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, А.Бірімжанов, Т.Нүрекенов мүше болды.
1907 жыл, 31 наурыз – Санкт-Петербургте Оқу министрлігінде ұлт мектептерінің жайын қараған кеңес өтті. Оған қазақтан Ғ.Балғымбайұлы мен О.Әлжанов қатынасты.
1907 жыл, 3 маусым – Ресей патша үкіметі баспасөз бостандығына, мектепте ана тілде оқу еркіндігіне т.б. шектеу қою туралы Заң шығарды.
1907 жыл – II Мемлекеттік Дума таратылғанда, Ш.Қосшығұлұлы Ә.Бөкейханның ұсынысымен Ресейдегі түрік-мұсылмандарының, соның ішінде қазақтың нақты жағдайын баяндау үшін Түркияға барып кайтты.
1907 жыл – Қазанда М.Көпейұлының «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз», «Сары Арқаның кімдікі екені» атты 3 кітабы бірдей жарық көрді.
1907 жыл, 18 желтоқсан – Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісі Ә.Бөкейханды «Выборг үндеуіне» кол қойғаны үшін 1908 жылдың 21 қаңтарынан 3 ай мерзімге Семей түрмесіне камауға шешім шығарды.
1908 жыл – Париждың «Lа Revue du Monde Musulman» журналы ұлт, дін және әлемдік келісім мен татулыққа еңбек сіңіргені үшін Исмаил Гаспринскийді Нобель сыйлығына ұсынды.
1909 жыл – А.Байтұрсынұлы «Қарқаралыда өкіметке қарсы әрекеттер жасады» деген айыппен тұтқындалып, 2 жылға жер аударылды.
1909 жыл – Шәкәрім мен Кәкітай Ә.Бөкейханға хат жазып, «Қарауыл мұжыққа кетіп барады. 15 десятинадан жер алайық па?» деп сұраған. Әлихан: «Бұл жолсыз қоқан-лоққы. Құнанбай баласы Тобықтыға мұрындық болды деген атқа қаларсың. Не болса да жұртпен көр» деп ақыл қосқан.
1909 жыл – Петерборда Абайдың өлең кітабы басылып шықты.
1909 жыл – Петерборда А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы жарық көрді.
1909 жыл – Уфаның «Шарқ» баспасынан М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабы жарық көрді.
1910 жыл, 9 наурыз – А.Байтұрсынұлы Орынборға келді. Ағартушы өмірінің жаңа кезеңі басталды.
1910 жыл, 30 қыркүйек – сұлтан Б.Қаратаев Ә.Бөкейханға Қазақстандағы жер мәселесін шешу жолдары туралы хат жолдады.
1910 жыл, 21 қазан – Ұзынағашта Жетісу қазақтарының жер мәселесіне байланысты кеңесі өтті. Оны Б.Сыртанов ұйымдастырды.
1910 жыл – Қазанның Кәрімовтер баспасынан қазақтың тұңғыш романы М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» жарық көрді.
1910 жыл – Орынбордың «Вақт» газетінің баспаханасынан Ғ.Қараштың «Ойға келген пікірлерім» атты пәлсапалық-танымдық кітабы жарық көрді. Мұнда мұсылман әлемін оятуға себепші болған М.Абдуһу мен Ж.Ауғани пайымдары зерделенеді.
1911 жыл – Қазақтың тұңғыш журналы – «Айқап» шыға бастады. Бас редакторы – М.Сералин.
1911 жыл – Уфадағы «Ағайынды Кәрімовтер мен Хұсайыновтар баспаханасынан» Ғ.Қараштың «Өрнек» атты пәлсапалық-танымдық кітабы жарық көрді. Мұны «Ғалия» медресесінің шәкірттері бастыртты. Аталған еңбекте де мұсылман әлемін оятуға себепші болған М.Абдуһу мен Ж.Ауғани ойлары біршама сараланған.
1911 жыл – М.Дулатов «Оян, қазақ!» кітабында өкіметке қарсы халықты көтерді» деген айыппен Семейде абақтыға жабылып, 103-129 статьялар бойынша 19 ай қапаста жатты.
1911 жыл – Орынборда Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» атты екі бірдей кітабы жарық көрді.
1911 жыл – Уфада «Ғалия» медресесінің шәкірттері И.Арабаев пен Х.Сәрсекеұлының қазақ-қырғыз балаларына арналған жәдитше әліппесі жарық көрді.
1912 жыл – Орынборда А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп етілген қазақша алифба» еңбегі жарық көрді.
1912 жыл – Қазанда М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.
1913 жыл, 2 акпан – Орынбордағы Кәрімов-Хұсаинов баспаханасынан «Қазақ» газетінің 1-саны шықты. Бас редакторы – А.Байтұрсынұлы.
1913 жыл, 23 мамыр – «Қазақ» газетінде Х.Досмұхамедұлының «Алаш» не сөз?» атты мақаласы жарияланды.
1913 жыл – «Айқап» журналында Ж.Сейдалиннің «Азып-тозып кетпеске не амал бар?» атты мақаласы жарияланды.
1913 жыл, 18 маусым – «Айқап»журналында Ә.Бөкейханның Ж.Сейдалиннің хатына жауап ретінде «Ашық хат» деген мақаласы жарияланды
1914 жыл, 18 сәуір – Омбыда қазақ жастарының бейресми «Бірлік» ұйымы құрылды.
1914 жыл – Петербордың «Речь» газетінде Ә.Бөкейханның қазақ халқын орыстандыру мен шоқындыруға қарсы мақаласы жарық көрді.
1914 жыл, кыркүйек – түркі жұртының даңқты қайраткері И.Гаспринский (1851-1914) қайтыс болды. Қазақ басылымдарында мұнақып берілді.
1914 жыл – Орынборда А.Байтұрсынұлының «Тіл-кұрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық» атты оқулығы жарық көрді.
1914 жыл, 6-10 желтоқсан – Петерборда Мұсылмандар сиезі өтіп, «ортақ тіл» мәселесі талқыланғанда биік мінбеден казақ тілінің түрік тілдері ішінде айрықша орны бар екені айтылды.
1915 жыл – М.Тұрғанбаевтың «Пайғамбар заманы» атты кітабы жарық көрді.
1915 жыл – Н.Күзембайұлының «Құран құралы» атты еңбегі жарияланды.
1915 жыл – М.Шоқай Ташкентте зиялылар мен білікті шәкірттердің басын қосқан «Кеңес» атты жасырын ұйым құрды.
1915 жыл, 4 каңтар – «Қазақ» газетінде С.Дөнентаевтың «Ұлтшылға» атты өлеңі басылды.
1915 жыл, 21 қыркүйек – даңқты ғалым, қазақ халқының кең жүректі досы, Ертіс бойындағы Тұзқаланың тумасы Григорий Потанин 80-ге толды. Ол туралы Ә.Бөкейхан 1913 жылы, М.Дулатов 1915 жылы «Қазақ» газетінде мақала жазды. Мерейтойға А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов тағылымды жыр арнады. Қазақ шәкірттері арнайы жинақ шығаруды жоспарлады.
1915 жыл, 8 желтоқсан – түркі халықтарының атынан Венага келген ресми делегация Австрия министр-президенті Шрюргк пен Сыртқы істер министрінің орынбасары граф Форгачқа негізгі мәселелердің қатарында «Қазаққа саяси- әкімшілік тәуелсіздік әперу» ұсыныс-хатын тапсырды.
1915-1918 жылдар – Уфада «Ғалия» медресесінің шәкірттері «Садақ» атты қолжазба журнал шығарды.
1916 жыл – Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы жанындағы бюроға Ә.Бөкейхан еніп, жұмыс істеді.
1916 жыл – Н.Төреқұлов жасырын бағыттағы «Еркін дала» ұйымын кұрды.
1916 жыл – Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліс басталды. 1916 жыл – Қарқара көтерілісі басталды.
1916 жыл – «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатовтың «Алаштың азаматтарына» атты үндеуі жарық көрді.
1916 жыл, 8 казан – «Қазақ» газетінде М.Дулатовтың «Алашқа» атты өлеңі жарияланды.
1916 жыл, 26 қараша – «Алаш» газеті шыға бастады. 1916 жыл – Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедұлы, Ж.Сейдалин Петроградқа арнайы барып, IV Мемлекеттік Дума алдында қазақтарды окоп жұмысына алу жөніндегі жарлықты тоқтатуды сұрады.
1916-1918 жылдар – Омбыда «Бірлік» ұйымы жастарының «Балапан» атты қолжазба журналы шығып тұрды. Редакторы – Қ.Кемеңгеров.
1916 жыл, 23 желтоқсан – 1917 жыл, 12 каңтар – Ә.Бөкейхан бастаған қазақ қайраткерлері Күнбатыс майданының Земскі комитетінің рұқсатымен Земгордың дружиналарында әскери қызметтегі жерлестерімен (саны 12 мыңнан асады) кездесіп, жағдайларын білді.
1917 жыл – Б.Күлеевтің «Шын сүйіскендер», М.Дулатовтың «Тікбақайлар», «Қызыл қашар» пьесалары сахналанды.
1917 жыл – Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы жанындағы бюроға М.Шоқай еніп, жұмыс істеді.
1917 жыл, наурыз – Оралда, Семейде, Омбыда, Алматыда, Торғайда казақ комитеттері құрылды.
1917 жыл, 9 наурыз – «Алаш» газетінде Н.Күзембайұлының «Ұраным – Алаш!» атты өлеңі жарияланды.
1917 жыл, 15 наурыз – Минскіден Ә.Бөкейхан бастаған 15 қайраткер Алаштың 25 белгілі елді мекеніндегі нақты азаматтарға хат жолдады. Мұнда: «Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек» деп жазылған.
1917 жыл, 17 наурыз – «Қазақ» газетінде А.Мәметұлының «Алашқа сәлем» атты өлеңі басылды.
1917 жыл, 2-8 сәуір – Орынбор қаласында Торғай облыстық қазақ сиезі өтті. Сиез жалпықазақ сиезін шақыру жөнінде бюроның құрамын бекітті. Оған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов т.б. мүше болып енді. Сиез төрағалығына А.Байтұрсынұлы сайланды.
1917 жыл, 12 сәуір – «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, М.Дулатовтың дентиннің «Алаш ұлына» атты үндеу-мақаласы жарық көрді.
1917 жыл, 12 сәуір – «Қазақ» газетінде С.Дөнентаевтың «Азаттық күні» өлеңі жарияланды.
1917 жыл, 12-14 сәуір – Алматы каласында Жетісу облыстық қазақ сиезі өтті. Сиез төрағалығына Ы.Жайнақов сайланды.
1917 жыл, сәуір – Түркістан комитеті құрылды.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *