Балкаштын экологиялык проблемалары

Мазмұны:

1. Кіріспе
2. Балқаш аңызы және атауы.
3. Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
4. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

1 Кіріспе

Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап  қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр.
КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Балқаш көлі ауданында экологиялық жағдайды түбірінен жақсарту жөніндегі СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары  мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Балқаш өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Балқаш көлін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-кимыл жасау қажеттігі атап көрсетілді. Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, егішіліктің су үнемдеитін прогресті жүйелерін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айырықша назар аударылды.
Балқаш өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.
1988 жылы сентябрь айында КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі “Балқаш көлі ауданындағы экологиялық және түбегейлі жақсарту, оның бассейніндегі су және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы” қаулы қабылдады.

2.Балқаш аңызы және атауы.
Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел “Жұмбақ көл” деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог И.П.Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды. Дәл осы тыңғылықты зерттеудің нәтижесінде Қоңыраттағы мыс қорының өте мол екенін анықтап.екінші бесжылдық жоспарда жедел түрде Балқаш өңірінде мыс алыбын салу белгіленді. Кеңес Одағының барлық жерінен: жұмысшылар, шаруалар,комсомолдар мен коммунистердің қатарынан еріктілер және осы өңірдегі ата-бабаларымыз — көшпенді қазақтар тұтас ауыл болып Балқаш құрылысына ағыла бастады. Құрылыс жұмыстары қазақтың түрен тимеген ту даласында, қатал табиғаттың аясында өндіріс орталықтары мен темір жолдан жырақта іске асты. Жүкті алғашқыда ат-түйемен тасыды. Тағы бір жылы Балқаш көлі арқылы Бөрлі-Төбе айлағынан Бертіс шығанағына жүк тасымалданды. 1935 жылы Балқаш-Қарағанды теміржолы уақытша пайдалануға беріліп, жылу электр орталықтарының құрылысы басталды.1935 жылы мыс алыбының негізгі цехтарымен өндіріс объектілерін салуда үлкен бетбұрыс кезеңге аяқ басты. Осы алып құрылысты тезірек салып бітіру ынтасы құрылысшылардың да өз батырларын туғызды. Қазақтар, орыс, белорус, украин, татар, армян және басқа ұлт өкілдері тізе қосып еңбек етті. 1938 жылы 24 қарашада алғашқы Балқаштың қара мысы алынды. Ал қаланың негізгі құрылысы 1934 жылы басталған болатын. 1937-1938 жылдары құрылыс майданындағы ең бір екпінді, қарқынды істер атқарылған кезең болды. Атап өтер болсақ, Қоңырат руднигінің құрылысы, “Ударник” кинотеатры, Балқаш ТЭЦ-і қатар салынып жатты. Ұлы Отан соғысының қарсаңында ашылған Гүлшат пен Шығыс Қоңыраттағы мырыш пен молибден кеніштері қорғаныс өнімдерін жабдықтауда өте маңызды қадам еді. 1941 жылы Москва түбінен көшіріп әкелінген Кольчугино түсті металлдар заводы комбинат құрамына кірді.“Темірді қызған кезінде соқ ” демекші комбинатты алғаш жоспарлауда қаланы жасылдандыру идеясы да іске асып, 1935 жылы СССР ғылым Академиясының көшпелі сессиясы Балқашта өтті, нәтижесінде Тораңғалықта ботаникалық бақтың орыны белгіленді. Өсімдіктерді климатқа бейімдеу, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл қадам қаланы тек қана жасылдандыру ғана емес, онда бау-бақша өсіру дәстүрінің де негізін салды. 1958 жылғы комбинатты ірі көшенді қайта жабдықтауға дейін де, оның құрамына 25 цех болды. Кейбір цехтардың қуаты жеке — дара заводтарға пара-пар болатын. 1971 жылы Саяқ кеніші қатарға қосылды. 1985 жылы ерекше құрылым сұйық ваннада балқыту(ПВЖ) қондырғысы пайдалануға берді. Бұл құрылыс жоғары өнімділігімен, отын үнемдеумен және басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді. Екінші сұйық ваннада балқыту құрылысының аяқталуы мен 1999 жылғы Ванюков пешінің қайта жабдықталуы өндірістің өнімділігін арттыра түсті. Қазіргі уақытта БТКК –да таңдаулы мыс балқыту комплексі жұмыс істеп тұр. Заман талабына сай өндірісте енді шикізат алумен қатар дайын өнім шығару қолға алына бастады. 1986 жылы тұңғыш мыс сымдары алынса, 1997 жылы I-ші алтын құймасы мен байытылған күміс алынды. 1997 жылы 7 ақпанда Балқашмыс мүліктік базасының негізінде “Қазақмыс” корпорациясының структуралық құрамында-Балқаш тау-кен комбинаты құрылды. 2003 жылы мырыш заводы іске қосылып қазыналы Балқаш керегесін кеңге жая түсті.Міне, енді ару Балқаштың жағысында мыс алыбы мен қатар қазақтың сұлу қаласы Балқаш қаласы гүлденіп, түрлене түсті.Тарихқа үңілсек 1938 жылы 2 сәуірде КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен “Прибалхашстрой” құрылысшылар кенті Балқаш қаласы статусына ие болды. 1976 жылы СССР Министрлер Кеңесінің шешімімен Балқаш қаласына ерекше архитектуралық құрылысы мен үлгілі құрылымы үшін мемлекеттік сыйлығы табыс етілді. Жыл өткен сайын қаланың көлемі кеңейіп, халық саны өсе түсті. 1987 жылы сәуірде Балқаш еңбеккерлерінің экономикалық-мәдени жетістіктері мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы неміс басқыншыларына қарсы күрестегі ерен ерліктері үшін Халықтар достығы орденімен наградталды.
Балқаш балықшыларының жеке сала болып қалыптасуы 1930 жылдан бастау алады. Көреген бабамыз Қараменде би айтып кеткендей “ойында балығы, қырында киігі” ұрпаққа азық болған қасиетті Балқаш өңірі тек қана өз еліміз емес Одақ көлеміне, шет елге өзінің балығымен де атағы шықты.
Қаланың тарихы, қайталанбас көркем келбеті еліміз қылқалам шеберлері туындыларының негізгі тақырыптарының біріне айналды. Солардың ішінде көрнекті ресейлік суретші Юрий Антонович Зайцевтің еңбектеріне тоқталуға болады. Оның 50 –ге тарта шығармасы Балқашқа арналған еді. “Балхашский мотив”, “Девушка из Бурлю-Тюбе”, “Гавань в Бухте Бертыс” және басқа шығармалары күллі халыққа танымал болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балқаштың соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлік істері ұрпақ жадында мәңгілік сақтаулы. З. Асфандяров, П. Миллер, В. Хоружая, О. Щермаков, Н. Подсадниктер “Кеңес Одағының батыры”, ал П. Калмыков пен В. Спицындер жауынгерлік “Даңқ” орденінің толық кавалерлері атағына ие болып, қаламыздың атағын елімізден тысқа да әйгілі етті. Ұлы Отан соғысы майданы негізгі ошақтарының бірі Сталинград, Ленинград қалаларын басқыншылардан қорғауда да балқаштық жауынгерлер ерліктерімен танылды. Рейхстаг күмбезіне алғашқылардың бірі болып жеңіс туын қадаған Р.Қошқарбаев “Халық қахарманы” болып даңққа бөленді. Берлинге жеңіс туын тіккен батыр жауынгерлер қатарында В.Громов, Н.Кулжанов, К.Григорьянц, К.Меньшов, Ж.Ақбергенов сынды жерлестеріміздің есімдері де мақтанышпен аталады. Фин соғысының ардагері В. Громов, артилерист Н. Құлжанов, атты әскер жауынгері К. Григорьянц, партизан К. Меньшов, танкист Ж. Ақбергенов тәрізді балқаштықтар жеңіс күнін Берлинде қарсы алды.
Еңбек майданында да мыңдаған қала еңбеккерлері оның ішінде, әсірісе, әйелдер ерен ерлік үлгілерін көрсетті. Соғыс жылдарында тек қана мыс заводында 2875 әйел еңбек етті. Постникова, Кузнецова, Гуриналар шағылыстыру пештеріне кен тиеушілер, Шираймова, Козловалар паровоз машинистері болып еңбек етті. Көптеген әйелдер өндіріс, қала әкімшілігінің басшылығы қызметтерін атқарды. Олардың ішінде А.С. Пирибинус қалалық атқару комитетінің төрайымы, Е. Иванова қала комсомолдарының жетекшісі, Климова, Стародубцевалар комбинаттың жетекші цехтарында ауысым шеберлері болып жұмыс істеді. Нақ осы сұрапыл соғыс жылдарында Социалистік Еңбек Ерлері Н.Г. Чекушина, Ж. Бейсов, Ленин орденінің иегерлері Л. Бакланчикова, Н. Бушуева, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Б. Смағұловтардың комбинаттағы еңбек жолдары басталған еді. Ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да төзе отырып Балқаштық еңбек майдангерлері басқыншыларға қарсы соғысқа елеулі үлес қосты. 80 жастағы қарт ақын Шашубай өзінің найзағайдай күркіреген өлеңдермен елге, жауынгерлерге рух беріп жігерлендіре түсті.
Бүгінде сол алдыңғы толқынның ерлік істері, бейбіт күндері кейінгі толқын ұрпақтарының ерен еңбектерінде жалғасын табуда. Аталанта олимпиадасының жеңімпазы, Баркер кубогінің иегері, боксшы В.Жиров Балқаш қаласының атын әлемге тағы бір қырынан танытты. Ұшқыш–космонавт В.Ланчаков, күміс көмей опера әншісі Э.Епонешникова, ҚазКСР-і еңбек сіңірген әртісі, шертпе күйдің шебері М.Хамзин және басқа өнер тарландары біздің мәңгі мақтаныштарымыз. “Өткендерін еске алған өскендіктің белгісі,өткендерін ұмытқан өшкендіктің белгісі” дегендей Балқаш қаласының тарихын, өз жерлестерінің атақ пен ерлікке толы өмірін ұрпақ санасында жауғыртып отыру біздер үшін қасиетті парыз.
Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.
Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – «Балқашмыс» АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.
Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады. Балқаш өңірі — әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *