Батыс-Алтай қорығы

Батыс-Алтай қорығы

Батыс — Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан. Қорықтың алаңы 56078 га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі тау жоталарының аумағында орналасқан.  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының
ландшафтық кешеніне Иванов, Холзун, Көксін, Тигирецк, Линейск, Уба, Үлбі жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Аумақтың ауа-райы  континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын- шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік- батыс беткейлерде көп болуына байланысты, бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай- ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Бұл Қазақстанда ғана емес орталық азия ішіндегі ең ылғалды жер болып саналады. Қорықтағы қар қабаты 170 күн қазан айынан сәуір айына дейін тұрақты сақталады.

Қорықтың аумағы жабайы табиғат болып саналады, онда, бірнеше өсімдік белдеулері бар;
Жапырақты орман: таулы- тайгалы; күңгіртқылқанды тайга;субальпілік, альпілік, егістік белдемдер қара топырақты.Қорықтағы кейбір өсімдіктер Қазақстанның Қызал Кітабына енгізілген: Сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум, ұсақ торлы жуа, ірі гүлді шолпанкебіс, нағыз шолпанкебіс, телпек сүйсін, алтай рауғашы, алтай гимноспермиумы, қызғылт семізот, алтай суықшөбі, алтай қасқыржидегі, қылтанды дәлен, еуропа орманоты, су қазанақ, ұсақ жемісті мүкжидек, таңдамалы плаун (сушырмауық).

Қорықтың аймағында 2 түрлі балық кездеседі, 2 түрлі жорғалаушылардың түрі, 130 жақын құстың түрі (Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.), қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды, Әлемнің әсемдігін көрсететін күндізгі көбелектерді махаон, аполлон Феб, аполлон Клариус,кәдуілгі апполлон, түнгі көбелектердің ішінен Геба аюшығын, түнгі туыстың көзі көбелектерін көруге болады.

Қазақстанның Қызыл Кітабына құстардың 6 түрі енгізілген:
Қара ләйлек – Черный аист — Ciconia nigra L.
Ителгі –  Балобан — Falco cherrug Gray.
Лашын – Сапсан — Falco peregrinus Tunst.
Бүркіт – Беркут — Aguila chrysaetus L.
Үкі – Филин — Bubo bubo L.
Аққұйрықты субуркіт – Орлан белохвост – Нaliaeetus albicilla.
Батыс Алтай қорығы
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мында өту: шарлау, іздеу
Батыс Алтай қорығы
IUCN Ia санаты (Strict Nature Reserve)

Орналасқан жері Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы

Координаттары 50°22′00″N 83°57′00″E / 50.366667, 83.95

Көлемі 86 122 га

Құрылған 1992 жылдың шілденің 3

Уәкілетті орган Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.
Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.
Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.
Мазмұны
• 1 Әкімшілік жағдайы
• 2 Табиғат жағдайы
• 3 Қорықтың өсімдіктер әлемі, сирек кездесетін және аса бағалы түрлер
• 4 Қорықтың жануарлар дүниесі, сирек кездесетін және аса бағалы түрлер
• 5 Ғылыми зерттеулер
• 6 Tабиғат қорғау бойынша оқу-ағарту жұмыстары, тынығу мен туризм
• 7 Басқарылуы
• 8 Сілтеме
• 9 Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу] Әкімшілік жағдайы
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесі Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Семей көшесі, 10-үйде орналасқан.
[өңдеу] Табиғат жағдайы
физикалық-географиялық сипаттамасы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-сібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.
Жер бедерінің формасы шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына сулы алқаптар, тау арасындағы қазаншұңқырлар, алқап тәрізді төмендеулер, сусыма тастар, жартастар, қорымдар, тасты өзендер кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген жазық тәрізді, ал кейбір аудандардың құрылу ерекшеліктерін кар, трог, цирк құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ таңғажайып формалар жасайтын гранит қалдықтарына (Желілік бағандар — Тас ертегісі, Шайтан қалашық) қарап анықтаған. Барлық жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.
Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық жүйесі, мұзды көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы ең ірі батпақ – Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында ағатын өзендер: Қара және Ақ Уба, Палевая Разливанка, Линейчиха, Үлкен және кіші Тұрғысын және тағы басқалары Ертістің Карск теңізіне құятын жоғарғы бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады. Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).
Қорық аумағының гидрологиялық жүйесін табиғи қалпында сақтау — жалпы ауданның қалыпты гидрологиялық режимін қамтамасыз ететін негізгі жағдай.
Таулы тайганың құрамына өсімдіктердің жоғарғы белдеуіне жататын: күңгіот қылқанды аралас ормандар, альпі және субальпі шалғындары, тундра белдеуі. Батыс Алтайдағы ормандардың орман өсіруші мамандар анықтаған 25 түрінің 16-сы қорық аумағында кездеседі. Қорықтың климаты географиялық жағдай мен жер бедеріне байланысты. Қорық Азия материгінің ең түкпірінде орманды, далалы, шөлді табиғи-климаттық аймақтардың түйіскен жерінде; Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігінде, Қазақстан мен Орта Азияның далалары мен шөлдерінде орналасқан. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс жатуы оның климатының континентальды болуына, ауа температурасының жылдық ғана емес тіпті күндік деңгейінің құбылмалығына негіз болады. Жазғы маусымда цельсия бойынша +18+24 градус жанға жайлы ауа-райы жиірек болады. Аязсыз күндер 90 күнге дейін созылады. Қыс 220-240 күнге дейін болады. Қаңтардағы орташа температура цельсия бойынша -17-28 градус. Қар жамылғысының биіктігі 1,5-2.0 метрге дейін, кейде 3-4 метрге дейін жетеді.
Көктемде қар жылдам ериді, көшкін жүруі, қардың опырылуы жиірек байқалады. Ақ Уба көлінің ауданында жылына 1600-2000 мм-ге дейін қар түседі, кейде одан да көп, 3000 мм-ге дейін жетеді. Жалпы қорық аумағында жауын-шашынның деңгейі бірқалыпты десе де болады.
Аумақтың климаты континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік-батыс беткейлерде көп болуына байланысты — бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай-ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Тауда қалыптасатын ауа массасы өзінің сипаты жағынан жанаса орналасқан жазықтың ауа массасынан қатты ерекшеленеді.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *