Дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесі (Орфограмма согласных звуков)

1.Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды, тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады. (Буквы й, ң, һ не пишутся в начале слова, пишутся только в середине и в конце слова).

Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар  т.б.
2.Қазақтың байырғы сөздерінде в, ф, ч, ц  әріптері қолданылмайды.

(Буквы в, ф, ч, ц в исконно казахских словах не пишутся).
3.Б, в, г, д  дыбыстары тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады.

(Звуки б, в, г, д встречаются только в конце слов, заимствованных из русского языка).
Мысалы: актив, отряд, устав, клуб   т.б.
4.Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің –у- жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, -ю- болып жазылады. (Если к словам, оканчивающимся на букву –й- прибавляется суффикс глагола-инфинитива –у-, то эти две буквы при письме обозначаются буквой –ю-).

Мысалы: сой+у – сою,сүй+у – сүю  т.б.
5.Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің –а- жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп (й-а) я- әрпіне өзгереді.
(Если к глаголам, оканчивающимся на букву –й- прибавляется суффикс деепричастия –а-, то эти две буквы при письме обозначаются буквой –я-.

Мысалы: жой+а – жоя, жай+а – жая, қой+а – қоя т.б.

6.Орыс тілінен енген нд, мп, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның ралығына дәнекер ы, і  әріптерінің бірі жазылады. (Если к заимствованным из русского языка словам, оканчивающимся на звуки нд, мп, мб, ск, фт, прибавляется аффикс, то между корнем и аффиксом  пишутся один из букв  ы, і).

Мысалы: шрифт+і+ге, штамп+ы+лау  т.б.

7.Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша  жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалады.

(Если к заимствованным из русского языка словам, оканчивающимся на удвоенные звуки сс, лл, мм, тт   прибавляется аффикс, то последний звук удвоенных согласных выпадает).
Мысалы: прогресс-прогрес+тік, металл-метал+дың, грамм-грам+дап  т.б.

Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді.
Жер аты, мекеме аты, шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды.

(Если слова, оканчивающиеся на удвоенные звуки, являются собственными именами, то удвоенные согласные не выпадают. Названия местности, учреждений, сочинений и т.д не изменяются).

Мысалы: Кузбасс-Кузбасста, Донбасс-Донбассқа, Кирилл-Кириллмен  т.б.

8.Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд  дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. (Если к заимствованным из русского языка словам, оканчивающимся на удвоенные согласные ст, сть, зд прибавляется аффикс, то последние звуки т, ть, д  выпадают).

Мысалы: трест+ке-треске, ведомость+қа-ведомосқа, подъезд+ге-подъезге  т.б.

9.Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. (К заимствованным из русского языка словам, оканчивающимся на вышеперечисленные сочетания звуков, прибавляются мягкие аффиксы).

Мысалы: геолог+і, педагог+тер, парк+тен, ансамбль+ге, пункт+і, киоск+те  т.б.

10.Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь жіңішкелік белгі сақталып жазылады. Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгі түсіп қалады. (Если заимствованные из русского языка слова заканчиваются на мягкий знак, а прибавляемый аффикс начинается с согласного звука, то при письме  мягкий знак сохраняется. А если аффикс начинается с гласного звука, то мягкий знак при письме выпадает). Мысалы: секретарь+ға — секретар+ы, фестиваль+де — фестивал+і, ансамбль+ге — ансамбл+і, автомобиль+мен- автомобил+і  т.б.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *