Сабақтас құрмалас сөйлем бойынша тест № 1

Сабақтас құрмалас сөйлем бойынша тест № 1

1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда тұтас бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Қазақ мақалы бар:асыл тастан, өнер жастан.
Д) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше айтып берген.
Е) Қасқыр енді мұнын айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
2. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғармады.
В) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы
қаласына бүгін келіп кірді.
С) Сиырда аунамақ жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.
Д) Қуаты – ақындық, үміті – халық. Е) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Қайраттан қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
Д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
4. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
«Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген».
А) Басыңқы сөйлемнің алдында.
В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
Д) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
Е) Басыңқы сөйлемнің алдында да, кейін де.
5. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Абай Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.
В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
С) Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді.
Д) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.
Е) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданың, ұждан – рухтың бақылау тетігі.
6. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
А) Қайтсе? Не етсе? В) Қашаннан бері? Қайтіп?
С) Не етпек болып? Қалай? Д) Қайтсе де? Қайткенмен? Е) Қалайша? Неліктен?
7. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.
«Бұл сөздер көңіліне жаққандықтан, кітап сөзіндей етіп, Нұрлан есіне сақтапты.» .
А) Сатылы көп бағыныңқылы. В) Әр алуан жарыспалы. С) Қарсылықты бағыныңқылы.
Д) Бірыңғай жарыспалы. Е) Шартты бағыныңқылы.
8. Бағыныңқысының баяндауышында «майынша» жұрнағы бар сабақтас қай түріне жатады?
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қарсылықты бағыныңқы
Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы
9. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.
В) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?
С) Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай көтерілді.
Д) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.
Е) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
10. –ғандықтан-гендіктен- қай сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары?
А) шартты В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) мезгіл Е) мақсат

3 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *