Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тест № 3

1. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Ер жолдасы – тәуекел.
В) Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжындайды.
С) Күндіз де, түнде де әжесінің қасынан шықпайды.
Д) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды.
Е) Бостандық өздігінен келмейді.
2. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Абайдың жалтаң сөзді сүймейтін, жақтырмайтын мінезі бар.
В) Шәкенді, Баймағанбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді.
С) Жиренше Абаймен көп сөйлесті, ұзақ ақылдасты.
Д) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.
Е) Еріншектің ертеңі бітпес.
3. Қай сөйлемде толықтауыш бар?
А) Аспанды қара бұлт қаптады. В) Ортадағы үйден төрт-бес жігіт шықты. С) Баян – ханның адамы.
Д) Жайлаудағы қонақтар аттанып кетті. Е) Кешеден бері көп жұмыс бітті.
4. Бірыңғай толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Мәрия Бәкенді де, оның ағасын да үйіне алып жүрді.
В) Қызыл жүзді, жирен сақалды Беріктің денесі ірі, қапсадай.
С) Бұйралау, ұзын, сары сақалы бар, қызыл жүзді сұлу адам екен.
Д) Жұрт үндемей қалды.
Е) Құнанбай жататын үлкен бөлме.
5. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Далада қар бар. В) Олар Абаймен көп кеңесті. С) Бұлар жазда келіп кеткен.
Д) Ауыл жастары бұндай нәрсеге қызықпайды. Е) Бостандық өздігінен келмейді.
6. Сын есімнен болған баяндауышты табыңыз.
«Кіре берістегі әскери адамның өңі суық , сөзі қысқа.»
А) суық В) өңі С) әскери Д) сөзі Е) адамның
7. Қай сөйлемде пысықтауыш бар?
А) Аспан жүзі түнерген бұлт. В) Төрт-бес жігіт шықты. С) Баян – ханның адамы.
Д) Жайлау гүлденеді. Е) Кешеден бері көп жұмыс бітті.
8. Тура толықтауышты табыңыз.
А) Асқар сиыр айдап кетті. В) Басында қара бөрік. С) Балаша еңіреп жылады.
Д) Базарлық ақ орамалға түйілген. Е) Баймағанбет келе жатқандарға қарады.
9. Матаса байланысқан анықтауыш түрін көрсетіңіз.
А) жарқыраған күн. В) самал жел. С) жұқалаң көк бұлт. Д) менің жеңгем. Е) Мұрат мырза.
10. Себеп пысықтауышты көрсетіңіз.
А) Батпаған ай батыстан қарап тұрды.
В) Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын.
С) Бала кітап алғалы келіпті.
Д) Сен Алматыға ойнауға келген жоқсың , білім алуға келдің.
Е) Ол табанда ақшасын жинап алды.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *