Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (Однородные члены предложения)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (Однородные члены предложения)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің синтаксистік қызметі мен сұрақтары ортақ болып, бір ғана сөйлем мүшесімен байланысады. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен интонация немесе жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. (Однородные члены предложения выполняют общую синтаксическую функцию, связаны только с одним членом предложения. Однородные члены соединяются между собой с помощью интонации и союзов).
Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы
(Связь однородных членов с помощью союзов)
1. ыңғайластық (соединительные) шылаулар: да,де,та,те,әрі,және,мен,пен,бен т.б.
Мысалы: Марат пен Азамат емтиханға кешігіп келді.
2. қарсылықты (противительные) шылаулар: бірақ, алайда, әйткенмен т.б.
Мысалы: Біз жұмысты тез аяқтадық, бірақ оны бғалаған ешкім жоқ.
3. талғаулы (разъяснительные) шылаулар: я, не, немесе, әлде т.б.
Мысалы: Жүз жылда не хан өледі, не есек өледі.
4. кезектес (последовательные) шылаулар: бірде, біресе, кейде т.б.
Мысалы: Арман біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.

Барлық сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер бола алады
(Однородными могут быть все члены предложения)
1. Бірыңғай бастауыш (однородные подлежащие) : Ұстаздар мен шәкірттер пікірлесті.
2. Бірыңғай баяндауыш (однородные сказуемые): Ауа тұп-тұнық, тап-таза, жібектей
жұмсақ. (Ғ.Мүсірепов).
3. Бірыңғай анықтауыш (однородные определения): Боранбай ақ сақалды, қой көзді,
толық келген адам.
4. Бірыңғай толықтауыш (однородные дополнения): Ол – Шығанақ пен Олжабекке өз
қасынан орын берді. (Ғ.Мұстафин).
5. Бірыңғай пысықтауыш (однородные объстоятельства): Мектеп сахнасында біз шырқап,
толғап, баяу ырғақпен өнерімізді көрсеттік.

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *