Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (второстепенные члены предложения)

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (второстепенные члены предложения)
Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.(Члены предложения, которые находятся в подчинительной связи с главными членами предложения  и служат для их пояснения, дополнения, уточнения, определения).
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді. Сұрақтары: қай? қандай? қайсы? қайдағы? недегі? қанша? неше? нешінші? не еткен? кімнің? ненің? т.б.
Көптеген сөз таптары анықтауыш қызметінде жұмсалады: сын есім, сан есім, етістіктің есімше түрі, сілтеу есімдігі, зат есім т.б.
Анықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді:
— дара анықтауыш
— күрделі анықтауыш
— тұрақты тіркестерден болуы мүмкін
— көмекші сөздері бар тіркестер
— модаль сөздері бар тіркестер
— көмекші есімді тіркестер
— шақты, шамалы, қаралы, жақын т.б. сөздермен тіркескен сан есім
Синтаксистік байланысына қарай анықтауыштың екі түрі болады:
1. Қабыса байланысқан анықтауыш. 2. Матаса байланысқан анықтауыш.
1. Қабыса байланысатын анықтауыш: сын есім, сан есім, есімдік, есімше.
— анықталушы сөздің алдында келеді
— ешқандай жалғаулары болмайды
2. Матаса байланысатын анықтауыш: зат есімнен немесе зат есім мағынасында жұмсалатын ілік септігіндегі сөз.
— анықталушы сөздің алдында келеді
— ілік септігінің жалғауы бар
— тәуелдік жалғауы бар сөзбен тіркеседі
(Определение: выражает признак, качество, разнообразные свойства предмета.
Вопросы: перечислены выше.Чаще всего в функции определения выступают имена прилагательные,
числительные, причастия, указательные местоимения, существительные и т.д. Определение может быть выражено отдельными словами и словосочетаниями:
— простое определение
— составное определение
— фразеологизмы
— сочетания со служебными словами
— сочетания с модальными словами
— сочетания со служебными именами
— сочетания числительного со словами шақты, шамалы, қаралы, жақын и т.п
В зависимости от вида синтаксической связи различаются два вида определения:
1. Примыкающие определения: прилагательные, числительные, местоимения, причастия.
— находится перед определяемым словом
— не имеет никаких окончаний
2. Соподчиняющиеся определения: существительные или слова в значении существительного
в родительном падеже
— находится перед определяемым словом
— имеет окончание родительного падежа
— сочетается со словом, имеющим окончания притяжательности
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен, кірпіктері ұзын.- сын есім.
Екінші әйел – Ұлжанның жолдасы.- сан есім.
Жер астына түскен күнім есімнен қалмайды. – есімше. Мына баланың мінезін байқа.- есімдік.
Алтын көзілдірігі үстел үстінде қалды.- зат есім.

Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады. Толықтауыш етістіктің алдында келеді. Сұрақтары: кімді? нені? кімдікі? немдікі? кіміңді? неңді? кімін? несін? қаншасын? нешеуін? кімге? неге? кім туралы? не жөнінде? т.б.
Толықтауыш зат есімнен, сын есімнен, есімдіктен, есімшіден, есімді және көмекші сөздер тіркестерінен, тұрақты тіркестерден бола алады.
Толықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді
— дара толықтауыш
— күрделі толықтауыш
— күрделі толықтауыштың соңғы сөзінде барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғауы болуы тиіс
— толық мағыналы есім сөздері туралы, жайында, жөнінде сияқты септеуліктермен тіркесіп жасалады
— күрделі атаулардан жасалады
Мағынасына қарай және грамматикалық тұлғасына қарай екіге бөлінеді:
1.Тура толықтауыш:
— сабақты етістіктің алдында келеді
— табыс септігінде болады
— жауап беретін сұрақтары: кімді? нені? кімдікі? немдікі? кіміңді? неңді? кімін?
несін? қаншасын? нешеуін?
— табыс септік жалғауы түсіп қалуы мүмкін
2. Жанама толықтауыш:
— салт етістіктің алдында келеді
— барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде болады
— жауап беретін сұрақтары: көрсетілген септіктердің сұрақтары және
кім туралы? не туралы? кім жөнінде? не жөнінде?
(Дополнение: выражает объект, на который направлено действие. Дополнение имеет форму всех падежей за исключением именительного и родительного падежей. Дополнение находится непосредственно перед глаголом. Вопросы: указаны выше. Дополнение может быть выражено именем существительным, прилагательным, местоимением, причастием, сочетанием знаменательной части речи и служебных слов, устойчивым словосочетанием.
Дополнение может быть выражено отдельными словами и словосочетаниями
— простое дополнение
— сложное дополнение
— последнее слово сложного дополнения должно иметь окончания дательного, винительного, местного, исходного, инструментального падежей
— полнозначные именные слова сочетаются с послелогами туралы, жайында, жөнінде
— выражаются сложными именными сочетаниями
По значению и грамматической форме дополнение бывает двух видов:
1. Прямое дополнение:
— находится перед переходным глаголом
— находится в винительном падеже
— окончания винительного падежа могут опускаться
— имеет вопросы: кого? что? и /даны выше/
2. Косвенное дополнение:
— находится перед переходным глаголом
— находится в дательном, предложном, исходном, творительном падежах
— отвечает на вопросы данных падежей, также на вопросы о ком? о чем?
Мысалы: Атасы баласын шақырды.-зат есім. Оған көмектесу керек. – есімдік.
Қасқырлар көк шолаққа ауыз салды. –сан есім.
Сен туралы айтылды. – шылау тіркескен есім.

Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді. Баяндауыш мүшеден пысықтауыштарға қаратып қашан? қашанға дейін? қайда? қалай? қалай қарай? қайтіп? неліктен? не мақсатпен? қанша? қай жаққа? қай жерде? қай жақтан? қалайша? неше? неге? не себепті? не үшін? т.б. сұрақтары қойылады.
Пысықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді
— негізінен үстеу мен көсемшеден жасалады
— басқа есімдерден және сөз тіркестерінен де жасалуы мүмкін
— дара және күрделі болып бөлінеді
Мағынасына қарай және грамматикалық тұлғасына қарай беске бөлінеді:
(По значению и грамматической форме обстоятельство бывает пяти видов)
1. Мезгіл пысықтауыш. (Обстоятельство времени)
2. Мекен пысықтауыш. (Обстоятельство места)
3. Амал (қимыл-сын) пысықтауыш. (Обстоятельство образа действия)
4. Себеп-салдар пысықтауыш. (Обстоятельство причины,следствия)
5. Мақсат пысықтауыш. (Обстоятельство цели)
(Обстоятельство:определяет член предложения, образованное от глагола, к определенному месту, времени, указывает причину, цель, условие, образ действия и др. действия.
Вопросы задаются от сказуемого к обстоятельству: когда? до каких пор? где? как? куда?
в какую сторону? почему? с какой целью? сколько? откуда? по какой причине? для чего?
Обстоятельство может быть выражено отдельными словами и словосочетаниями
— в основном выражается наречием, деепричастием
— могут выражаться другими частями речи или словосочетанием
— бывают простое и сложное обстоятельство
Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш (времени)
2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш (места)
3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш (образа дейчтвия)
4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш (причины)
5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш (цели)

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *