XV ғасырдағы тарихи жағдай

XV ғасырдағы тарихи жағдай. XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті.
Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіпнығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді.
Керей мен Жәнібек.Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып,мемлекет етіп құруКерей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Жәнібек пен Керей сұлтандардың билік жүргізу үшін Шыңғысханның ұрпақтарымен күресуі ру ақсақалдарымен бірге,қатардағы малшылар мен егіншілердің әр түрлі әлеуметтік топтарының да мүддесімен сай келді.Бұл жағдай тайпалардың дербес өз мемлекетін,қазақ хандығын құруғадеген ұмтылысын айқын бейнелеп берді.
Қазақ хандығықұрылуының алғышарттарының бірісол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің-Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды.XVғасырда Әбілхайырхандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп,күйреу дәрежесіне жетті.Бұл хандықтағы билік басында отырған ақсүйектердің күш-қуаты артып,олардың жоғарғы билікке деген үміт,талпынысы күннен-күнге арта түсті.Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының неғұрлым ықпалды,беделді көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылыс жасады.Билікке таласушылар тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өздеріне қуатты одақтастар іздестірілді.
Қазақ хандығының іргесін нығайтып,оның күш-қуатын арттыру,сөйтіп ірі,дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер,қазақ қоғамын билеуші топтардың мүддесіне сай келді.Сондықтан қазақ тайпаларының ақсүйек көсемдері тарапынан қолдау тапты.Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы,Қаратау баурайындағы,Сырдария бойындағы,Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың басым көпшілігі XV ғасырдың 40-50-жылдарының өзінде-ақ Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне топтасқан еді.
Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі ХV ғасырдың орта шенінде Әбілхайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихижағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланады. Сөйтіп,Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсылық көрсеткен қазақ тайпаларының көсеміне айналып,қазақ тайпаларын бастап,Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады.Керей мен Жәнібек сұлтандардың басшылығымен Жетісу жерінде құрылмақ Қазақ хандығының Алтын Орда,Ақ Орда,т.б.хандықтарының мемлекеттік құрылымынан негізгі айырмашылығы-Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтежиесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық,этникалық негіздерден шықты.
XV ғасырың орта шенінде қалыптасқан саяси-экономикалық, тарихи жағдайлар Батыс Жетісу жерінде феодалдық негіздегі Қазақ хандығының құрылуына алғышарт жасады.
Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.
XV ғ. Басында Ақ Орда мемлекеті ыдырап, оның орнына Шайбани әулетінен шыққан Әбілхайыр хандығы құрылды.Әбілхайыр хандығы негізінен түрік және кейбір түркіленген ру-тайпалардан құралды. Бұл тайпалардың тілдері, шаруашылығы ұқсас, мәдениеті мен тұрмыс-салты да бірдей. Әбілқайыр хандығығының ішкі-сыртқы саяси жағдайы тұрақты, берік бола қоймады. Ұлыс ішінде жоғарғы өкімет билігі үшін таласқан Жошы ұрпақтарымен толассыз және қатал күрес жүргізуге тура келді. Әбілқайыр хандығындағы талас-тартыстар, қан төгіс соғыстар барған сайын өрши түсті. Феодалдық езгі мен қанау қалың халық бұқарасын өте ауыр күйзеліске душар етті. Шыңғыс әулеттерінің билікке таласқан өзара тартыстары Әбілқайыр хандығын әлсіретті. Әбілқайыр ханның өз қарсыластарын аяусыз басып-жаныштауы мен бұқара халықты езуді күшейтуі хан билігін күшейте алмады.

XVғ.басында жайылымдық жерлер іздестіріп, олжа табуға ұмтылып сауда орталықтарына шығуды көздеген ойрат тайпалары Әбілқайыр хандығы жеріне шапқыншылық жасады. Әбілқайыр хан ойраттармен шайқаста жеңіліс тауып, көп шығынға ұшырады.
Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Қазақстанның Оңтүстігінде өз билігіне мойынсұнбағандарды жазалай бастады. Елде қатаң тәртіп орнатты. Ойрат ойранынан кейінгі алауыздық және ашу мен ыза белең алған жағдайда Әбілқайрдың бұл әрекеттері сұлтандар мен бұқара халықтың наразылығын бұрынғыдан да бетер өршітіп жіберді.
Керей,Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығындағы осы бір саяси-тарихи жағдайдағы өз мүдделеріне тиімді пайдалануға ұмтылды. Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы наразылық күреске шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, олардың көсеміне айналды. Әбілқайырға қарсы шыққан қалың қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударды.
Қазақ тайпаларының Жетісуға көшуі әдеттегі ауа көшу болған жоқ. Мұның өзі қазақ тайпаларының Әбілқайырдың адам төзгісіз езгісіне, үсті-үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауырпалығына деген қарсылығы еді.
Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.
Моғолстан ханы Есен – Бұға Керей,Жәнібек сұлтарды
Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая
қарсы алады. Сұлтарға Моғолстанның батыс аймағы-Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан,Керей,Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша,хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар,жасының үлкендігі де ескерілген.сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолына алды. Ақылдаар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы, Керей хан болса, Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды. Көшіп-қонам десе солтүстігінде керіліп Сарыарқа, оңтүстігінде Шу мен Сыр бойының жолбарыс жортқан қалың орманы жатты. Жазы- шүйгін жайлау, саумал самал, қысы панасы мол шұрайлы жыныс еді.
XV ғасырдың аяғынала Қазақ хандығы экономикалық жағынан біршама нығайып, шаруашылығы дамып, бытырап жүрген қазақ тайпаларын өзіне қаратып алды. Керей, Жәнібек хандардың көршілес отырып, жаулық ұстанған хандықтармен Қазақ хандығын нығайту жолында ашық шайқасқа түсетін мезгілі тарих сахнасынан белең ала бастады. Қазақ халқының тарихи тағдыры шешілетін кезең туды, оны жүзеге асыру қазақ хандары Керей, жәнібек ханның үлесіне тиді.

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *