Жанша Досмұхамедов

Жанша Досмұхамедов(Жаһанша) (1886- 1937), заңгер, алашорда қайраткері. 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1- Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған. Алашорданың шешімімен 1918 жылдың сәуірінде (жаңа стильмен) X. Досмұхамедовпен бірге Халық Комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері Халық комиссариатының басшыларымен (В. И. Ленинмен және И. В. Сталинмен) ұлттық автономия жариялау туралы келіссөз жүргізеді. 1918-19 жылдыры Алашорданың Батыс бөлімшесі – Ойыл уәлаяты үкіметінің басшысы қызметін атқарды. 1920 жылдан Қазақстаннан тыс жерлерде шаруашылық жұмысында болды. 1930 жылы қуғынға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1920-25 жылдыры Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандьғы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының межілістерінде кездесіп жүрген. 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байла- нысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.

Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қай­раткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алаш­орданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.

1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жым­питы болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.

1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айын­да, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жы­лы 4 наурызда бітіріп шыққан.

1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.

1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайла­нады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәс­кеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.

1917 жылы желтоқсан айында өткен Жал­пықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыс­тардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пі­кір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.

1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың жел­тоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ ко­миссариатының ашылуына қол жеткізеді.

1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өт­кен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құ­рамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уа­қытша үкіметінің төрағасы болып сай­ланады. Уәлаятта атты милиция жасақ­та­лып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылым­дар ашылады.

Мәс­кеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұха­ме­довтің Кеңес өкіметіне деген көзқа­расында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны та­лап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.

Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жат­қанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; ау­малы-төкпелі замана ағымына орынсыз ки­лікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.

1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» ор­нына Алашорданың бөлімшесі құры­лады. Бө­лімшенің құрамына Б.Құл­манов, Х.Досмұ­ха­медов, Ж.Досмұха­медов және Е.Тұрмұ­ха­медовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Дос­мұ­хамедов сай­ланады.

Ж.Досмұхамедов көптеген уа­қытша өкімет орындарымен ке­ліссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлім­де­мелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын тү­сін­дірумен болды. Яғни мына алма­ғайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан май­да­нының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына:

қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия;
екі жақтың теке-тіресінің ортасында қал­ған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен та­лан-тараждан аман сақтау болып та­бы­лады деп шегелеп көрсетеді.

Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысы­мен, қазақ даласынан аластатылып, оқ­шауландырылуға жататын Батыс Алаш­орда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қаш­қынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының шта­бына, ары қарай Мәс­кеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат да­йын­дап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троц­кийге табыс­тайды.

Батыс Алашорда бөлімшесі тараты­лып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ да­ла­сынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқы­ма өнер­кәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған меке­менің жол­дамасымен Ташкентке жібе­ріліп, Түр­кістан Республикасы Халық шаруашы­лығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлі­мінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.

Ташкентте қазақ зиялылары құр­ған мәдени-ағарту «Талап» қауым­дас­тығына мүше болып, оның тапсыруымен қа­зақ тілінде ал­ғашқы қылмыстық кодекс жо­басын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалала­рында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айын­да тұтқындалып, 1932 жылы Воро­нежге 5 жыл мерзімге жер ау­дарылады. 1938 жылы қайта тұтқында­лып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *