Үстеуге байланысты тест тапсырмалары № 2

Үстеуге байланысты тест тапсырмалары № 2
1. «Қазақша» үстеуінің тұлғасына қарай түрін көрсетіңіз.
А) мақсат В) мезгіл С) күрделі Д) туынды Е) себеп-салдар
2. Септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.
А) сұңқардайын, осылай В) биыл, соншалық С) әрең-әрең, қыстай
Д) жаздыгүні, күн ұзаққа Е) қапыда, текке
3. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.
А) Ұлттық шешендік өнері өте биік дәрежеде дамыған.
В) Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. С) Қазан қайнап жатыр.
Д) Бетінде боран ұйтқыған күңгірт, бұлдыр ақ дала қараңғыдан қалғып шыға келді.
Е) Ең үлкен жаңалық сенсің.
4. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын-қимыл үстеуді табыңыз.
А) Поездан әдейі түсіп қалдым.
В) Күндіз де, түнде де ол Барластың қасынан шықпайды.
С) Соншама қандай қуаныш?!
Д) Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс ете түсті.
Е) Ыза кернеп зорға тұрмын.
5. Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз.
А) қыстыгүні В) құр босқа С) емін еркін Д) таң сәріде Е) биыл
6. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.
А) Кешеден тосып жүр. В) Оңашада жылап та алғам. С) Мен жолшыбай соғармын.
Д) Ол балаша сақ-сақ күлді. Е) Мен елімнің ертеңімін.
7. Сыңарларының дыбысталуынша жазылатын күрделі үстеулерді табыңыз.
А) таңертең, бір қыдыру В) анағұрлым, бүгін С) баяғыдан, өйтіп-бүйтіп
Д) бұрын, қолма-қол Е) әлдекімше, талай
8. Бөлек жазылатын үстеуді табыңыз.
А) Енді гәрі В) Күн ұзаққа. С) Абай сызда Д) Жазды гүні. Е) Тыңда майынша.
9. Мөлшер үстеуді табыңыз.
А) әжептәуір В) әрең С) ілгері Д) кеше Е) тым
10. Устеу бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Бірі – қартаң , бірі – жас қонақ.
В) Қасына қайта отырғызды.
С) Тезірек қимылда.
Д) Ел ертеңі білімді жастар қолында.
Е) Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *