1.2.Температура. Температураны өлшеу тәсілдері.
- Температура нені сипаттайды?
- Температураны өлшеу қандай әдіске негізделген?
І. Негізгі физикалық шама – температура жылу құбылыстарымен тығыз байланысты.
«Температура» сөзі бәрімізге бала кезден таныс. Температура туралы түсінік ғылымда бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болған.Ертедегі ғалымдар жылудың күйі (дененің температурасы) туралы жылуды немесе суықты нақты сезіну арқылы тұжырымдар жасағанмен, олар субъективті, дәл және анық емес-ті. Біз салқын, жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене әртүрлі дәрежеде қызу қасиетіне ие бола алады. Бұл қасиетті температура деп атайды.
Температура ұғымын зерделеу барысында төмендегідей ой-болжамдарға ссүйенеміз. Егер әртүрлі қыздырылғанекі денені жанастырсақ, онда аса қатты қызған дене салқындайды, ал суық дене жылынады. Мұнда екі дененің, жылу берілуі әсерінен бір-бірімен жылуң немесе энергия алмасуын байқаймыз.
Жылу алмасу – екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылуды (энергияны) өзіне қабылдайтын екінші денеге қарағандажылу (энергия) беретін дененің температурасы жоғары болады. Мұнда жүйенің көлемі, қысымы, температурасы сияқты бірқатар параметрлерінде өзгерістер болуы мүмкін.
ІІ. Стакандағы суға мұз кесегін салып, оны қақпақпен нығыздап жабамыз. Біз мұз ерген сайын, стакандағы судың салқындайтынын байқаймыз. Мұз толық еріп болғанда мұздың еруінен жиналғансу жыли бастайды, ақырында су қоршаған ортаның температурасын қабылдайды. Бұдан кейін стакандағы суда ешқандай өзгерістер болмайды. Ендеше біршама уақыт ішінде әрт түрлі ,мпературадағы екі дененің арасында жылулық тепе-теңдік орнайды. Көлем, қысым өзгермесе, онда заттардың өзара түрленуі жәнеодан әрі жылу алмасуы болмайды. Осы жағдайда көлем мен қысым өзгермейді, яғни жүйенің температурасы белгілі бір уақыт ішінде тұрақты болып қалады.