1.5. ЖЫЛУ БЕРІЛУДІҢ ТҮРЛЕРІ. ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК
- Өзің отырган партаның пластикалық беті кітап бетіне
қараганда неліктен суықтау болып көрінеді?
- Қатты қызған денемен жанасқанда, дененің ішкі энергиясының
артатынына біз көптеген мысалдар келтіре аламыз. Осылай құтыдағы ауаны құтының сыртына ыстық су құю арқылы немесе оны шамның жалынына ұстап қыздыруға болады. Ыдысты ыстық қойып, ондағы суды қайнатуға болады. Ыстық шайға салынған қасық ысиды. Бөлмедегі ыстық су уақыт өткен сайын салқындайды. Жылудың берілуі деп аталатын ішкі энергия өзгеруінің мұндай тәсілінде энергия берілуі былайша жүзеге асады. Анағүрлым көбірек қыздырылған дененің бөлшектерінің кинетикалық энергиясы көп болғандықтан, ол азырақ қыздырылған денемен жанасқанда, оның бөлшектеріне энергияны тікелей береді.
Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару.
Жылу берілудің әр түрінің өзіне тән ерекшеліктері бар, бірақ жылу берілу олардың әрқайсысында әрдайым бір бағытта: көбірек қыздырылган денеден азырақ қыздырылган денеге қарай жүреді. Мұнда көбірек қыздырылған дененің ішкі энергиясы кемиді, ал суығырақ дененің ішкі энергиясы артады.
ІІ. Ішкі энергия тек қана тікелей бір денеден басқа денеге, мысалы, ыстық судан оған салынған суық қасыққа ғана емес, сонымен қатар аралық денелер арқылы да беріле алады. Мысалы, шәугімнің қабырғасы арқылы ішкі энергияның бір бөлігі ыстық электр пештен суға беріледі; жылу жүйесінің металл құбырлары аркылы жылу бөлмедегі ауаға беріледі және т.б.
Ішкі энергия бір дененің көбірек қызған бөлігінен, оның азырақ қызған басқа бөлігіне де беріле алады.
Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады.
Жылуөткізгіштікті келесі тәжірибеден бақылауға болады (20-сурет). Бір үшы түрғыға бекітілген мыс таяқшаның бос ұшын шамның жалынына қыздырамыз. Оған алдын ала пластилиннің көмегімен бір-бірінен бірдей арақашықтықта сіріңкелерді бекітеміз.Қызған жағынан бастап, сіріңке біртіндеп таяқшадан ажырап
түсіп қалғанын көреміз.
ІІІ. Жылу өткізгіштік кезінде болатын ішкі энергияның берілу процесі неге байланысты?
Бұл құбылысты түсіндіру үшін қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың ішкі құрылысын еске түсіру керек.