Математика тақырыбтар 7-9 сынып

  1. ТҮСІНІК ХАТ

7-10 сыныптарда алгебраны келесі оқу төрт мазмұнды желілер айналасында құрылады: сандар және өрнектер, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтері. Бұл желілердің барлығы өзара тығыз байланыста және бірігіп әрекеттесе дамиды.

7-9 сыныптарда алгебраны оқыту математикалық білім беру жүйесіндегі аяқтаушы кезең емес, аралық кезең болып табылады. Оқушыны ары қарай оқыту оның математикалық дайындығының белгілі бір базасында жүзеге асырылады.

Мақсаты: алгебраны оқыту барысында математикалық ойлау мен есептеу біліктерін тұрақты дамыту.

Міндеттері:

— әртүрлi сандарға арифметикалық амалдар қолдану бiлiктерiн дамыту;

— формальды-шапшаң алгебралық аппаратты және оны математикалық және математикалық емес есептердi шығаруда қолдану бiлiгiн игерту;

  • функционалдық-графиктiк түсiнiктердi қалыптастыру және оларды нақты тәуелдiлiктердi сипаттау және талдау үшiн пайдалануға үйрету;

— статистикалық мәлiметтердi ұсынудың және талдаудың негiзгi тәсiлдерiмен, нақты өмірдегі статистикалық заңдылықтармен таныстыру, мүмкіндігінше қарапайым түсiнiк беру.

Оқу бағдарламасын жасау үшiн оқу материалының мазмұнын таңдауда және пәндi құруда: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішілік және пәнаралық интеграция, ыңғайлылық, оқушылардың жеке жетістіктері мен шығармашылығы ұстанымдары басшылыққа алынды.

Ғылымилық ұстанымы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі жалпы, жалпы орта бiлiм беру деңгейлерiнде математика курсында барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң арасындағы сабақтастықты сақтауды көздейдi.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен әрекеттер тәсілдерін саналы әрі берік игертудiң негізiн қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді анықтауға, өзіндiк бағалау мен өзiндiк бақылауды дамытуға мүмкіндік береді.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *