Астрофизика негіздері тест на казахском языке

Астрофизика негіздері

1. Практикалық астрофизика мақсаты:
A) Аспан денелерінің табиғаты туралы мағлұмат алу
B) Уақытты өлшеу
C) Жер айналуының ерекшеліктерін қарастыру
D) Қашық байланыс әдістерін дамыту
E) Аспан денелерінің қозғалыс траекториясын есептеу

2. Қос жұлдыздарды анықтау белгілері:
A) Компонеттердің сәулелік жылдамдықтарының периодты түрде өзгеруі
B) Жұлдыз компоненттерінің бұзылуы
C) Жұлдыздардың айналу жылдамдықтарының өзгеруі
D) Жұлдыз компоненттерінің өлшемдерінің өзгеруі
E) Жұлдыз компоненттерінің түстерінің өзгеруі

3. Күн телескоптарының классикалық телескоптардан ерекшелігі:
A) Фокустық ара қашықтықтың аз болуы
B) Қозғалмалы монтировканы қажет етпейді, целостатты жүйесі бар
C) Обьектив диаметрінің үлкен болуын талап етеді
D) Қала жарығынан қорғалған болуы тиіс
E) Үлкен үлкейтулерді қолдануды талап етеді
F) Салыстырмалы саңылауының үлкен болуы

4. Объектіні жер бетінен бақылау мүмкін емес электромагниттік сәулелену спектрінің аймақтары:
A) Рентген аймағында
B) Оптикалық аймақта
C) Радиоаймақта
D) Жақын ультракүлгін аймағында
E) Ультракүлгін және көк түсті сәулелерде
F) Жақын инфрақызыл аймағында

5. Температурасы ең жоғары аспан денелері мынадай сәулелерде бақыланады:
A) Сары
B) Қызыл
C) Гамма
D) Инфрақызыл
E) Көрінетін
F) Жасыл

6. Ғарыштық сәулелер:
A) Ғаламның қандай да бір аумағында жоғары энергияға дейін үдетілген гелий атомдары ядролары мен релятивистік протондарының ағыны
B) Нейтрино ағыны
C) Сутегі атомдарының ағыны
D) Нейтрондар ағыны
E) Ғаламның қандай да бір аумағында жоғары энергияға дейін үдетілген гелийден ауыр элементтер ядроларының ағыны

7. Астрономдар бақылайтын ғарыштағы материяның негізгі бөлігі жинақталған объектілер:
A) Кометаларда
B) Ғаламшарларда
C) Метеориттерде
D) Жұлдыздарда
E) Жұлдызаралық ортада

8. Спектрлік сараптау арқылы мыналарды анықтауға болады:
A) Жұлдыз маңайында галоның пайда болуын
B) Магнит өрісінің болуы мен шамасын
C) Жұлдыз түсінің қызаруын (покраснение)
D) Ғаламшарлар қозғалысының тежелуін
E) Жұлдыз температурасын

9. Цефеидалардың басқа айнымалы жұлдыздардан ерекшеліктері:
A) Қос жүйелерге жатуы
B) Жарықтылығының әлсіздігімен
C) Жылтырлық өзгерісінің қатаң периодты болмауы
D) Қызыл ергежейлілерге жатады
E) Жылтырлық өзгерісінің қатаң периодтылығы
F) Сары аса алыптарға жатуы

10. Жұлдызаралық ортаның болуы келесі құбылыстармен түсіндіріледі:
A) Жұлдыздар эволюциясяның үдетілуі
B) Галактикалардың қашықтауы
C) Жұлдыздар маңайында галоның пайда болуы
D) Жұлдыздар жарығының поляризациясы
E) Цефеидалардың тұрақсыздығы
F) Жұлдыздар түсінің қызаруы

3 голоса

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *