Дұрыс жауап ЕНТ казахский

Казахский язык

“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.
A) Биік сезім.
B) Биік тау.
C) Биік ой.
D) Биік тұлға.
E) Биік сөз.
Дұрыс жауап: B

Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
A) Ниетің.
B) Қисық.
C) Болса.
D) Ағайынға.
E) Өкпелеме.
Дұрыс жауап: B

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт.
B) Самат аяғын ауыртып алды.
C) Ол науқасынан айығып кетті.
D) Жел күшейе түсті.
E) Ол аяғын созып жатыр.
Дұрыс жауап: A

Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
Бұлақтың көзін ашу – игі іс.
A) Бұлақтың.
B) Көзін.
C) Ашу.
D) Игі.
E) Іс.
Дұрыс жауап: B

Сөздің тура мағынасын табыңыз.
A) Сүт таңертең ұйып қалды.
B) Оң қолым ұйып қалды.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
E) Сүттей ұйыған жанұя.
Дұрыс жауап: A

Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Қарындашын ұштау.
B) Найзаны ұштау.
C) Қайланы ұштау.
D) Шеберлікті ұштау.
E) Таяқты ұштау.
Дұрыс жауап: D

Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.
A) Затты атап білдіретін мағынасы.
B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз.
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.
D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.
Дұрыс жауап: D

Омонимдес сөзді көрсетіңіз.
A) Гүлнәр мектепке барды.
B) Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
E) Айгүл – зерек оқушы.
Дұрыс жауап: C

Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.
A) Шапан, келін.
B) Алты, жеті.
C) Арықтан суару.
D) Кел, оқып отыр.
E) Бәрі, тегіс.
Дұрыс жауап: C

Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
A) Күшті, мықты.
B) Шелдену, қоңдану.
C) Бағалы, құнды.
D) Әлді, қарулы.
E) Қайратты, қажырлы.
Дұрыс жауап: B

“Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Зерігу, құмар болу.
B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу.
E) Ығыр болу, көңілі қалу.
Дұрыс жауап: D

Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тыным, тыныштық таппаған.
B) Бұраң бел, алма мойын.
C) Ара гүлге қонды.
D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
E) Сөз ағасы – құлақ.
{Правльный ответ}=D

Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Қара.
B) Ірі.
C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.
Дұрыс жауап: C

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *