Физика — Оптика

Оптика тақырыбына тест
Оптика

1. Қызыл жарықтың ауадағы толқын ұзындығы 775нм. Толқын жиілігін анықтаңыз.
2. Жарық дегеніміз электромагниттік толқындар. Олардың толқын ұзындығы.
3. Толқын жиілігі 7,5*1014Гц болса, оның ауадағы толқын ұзындығын және осы жиілікте толқын түсін анықтаңыз.
4. Май шам экраннан 1 м қашықтыққа орналастырылған. Экранда май шамның анық кескінін алу үшін, фокус аралығы 9 см линзаны май шамнан қандай қашықтықта орналастыру керек?
5. Шыны – сұйық шекарасынан толық шағылудың шектік бұрышы α0=600. Егер шынының сыну көрсеткіші n= 1,5 болса, сұйықтың сыну көрсеткішін анықтаңыз.
6. Жарық сәулесінің айна жазықтығына түсу бұрышы 700. Шағылған сәуле мен айна жазықтығы арасындағы бұрыш:
7. Екі құбылыс байқалуда. Бұл құбылыстарды түсіндір 1)аспандағы кемпірқосақ.2) Сабын көпіршіктерінің түрлі түске боялуы.
8. Қызыл жарықтың ауадағы толқын ұзындығы 780 нм. Толқын жиілігін анықтаңыз.
9. Жарықтың толық ішкі шағылу шартының орындалуы?
10. Нәрсе қос дөңес линзадан 40 см қашықтықта тұр. Егер кескін 1,5 есе үлкейген болса, линзаның фокус аралығы қандай?
11. Шыны үшін толық шағылудың шекті бұрышын анықтаңыз, егерде екінші орта ауа болса.(nшыны= 1,57)
12. Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның арғы жағында пайда болады. Бұл көздің қандай дефектісі және бұл жағдайда көзілдірікке қандай линза қажет?
13. Қос дөңес линзаның фокус аралығы 40 см. Нәрсенің 2 есе үлкейген шын кескінін алу үшін, нәрсені линзадан қандай қашықтықта орналастыру керек?
14. Егер нәрсе екі еселенген фокус аралығынан тысқары орналасса, онда жұқа жинағыш линза көмегімен алынған кескін қандай?
15. Төмендегі құбылыстардың қайсысы жарық интерференциясын түсіндіреді: 1 – жұқа сабын және май пленкаларының боялуы; 2 – Ньютон сақиналары; 3 – кішкене дискінің (жарық өткізбейтін) оротасында жарықталған дақтың пайда болуы; 4 – геометриялық көлеңке айналғанда жарық сәулесіәнің ауытқуы?
16. Жазық айнаның фокустық ара қашықтығы қандай?
17. Абсолют сынц көрсеткіші n1 ортадан, абсолют сыну көрсеткіші n2 ортаға бағытталған жарық сәулесінің толық шағылуының шекті бұрышын анықтайтын өрнек қандай болады?
18. Сәуле екі ортаның шекарасына α=60˚ бұрыш жасай түседі. Егер шағылған және сынған сәулелердің арасындағы бұрыш 90˚ тең болса, бірінші ортадан екінші ортаға өткендегі сәуленің салыстырмалы сыну көрсеткіші неге тең болады:
19. Көлеңкенің пайда болуы қандай заңның дұрыстығының дәлелдемесі болады?
20. Шыны жазық дөңес линзаның абсолют сыну көрсеткіші nш=1,4. Оны nc=1,3 сұйыққа батырған кезде не өзгеріп, не өзгермейді?
21. Жарықтың салыстырмалы сыну көрсеткіші.
22. Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның арғы жағында пайда болады. Бұл – көздің қандай дефекті және бұл жағдайда көзілдірікке қандай линза қажет?
23. Жарық бір ортадан екінші ортаға өткендегі түсу бұрышы 600, сыну бұрышы 300. Екінші ортаның бірінші ортамен салыстырғандағы сыну көрсеткіші неге тең?
24. Сәуле шығару түрлерінің қайсысында химиялық белсенділігі жоғары?
25. Периоды 1/1000 мм дифракциялық тордан бірінші реттік максимумы 300 бұрышқа ауытқитын жарықтың толқын ұзындығын тап.
26.Егер сәуле айнаға 300 бұрыш жасай түссе, шағылу бұрышы неге тең?
27. Адам жазық айнаның алдында тұрды, сосын 1 м шегiндi. Адам мен кескiннiң арақашықтығы қалай өзгердi?
28. Ойыс айна 3 есе үлкейтiлген, нақты кескiн бередi. Айнадан кескiнге дейiнгi қашықтық 9,9 м. Айнадан затқа дейiнгi қашықтық неге тең?
29. Eгер заттан линзада дейiнгi қашықтық линзадан кескiнге дейiнгi қашықтыққа тең болса және 3м болса, онда линзаның үлкейтуi неге тең?
30. Көзілдіріктің оптикалық күші -2,5 дптр болса, көзілдірік шынысының фокустық аралығын анықтаңыз

4 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *