География пәнінен тест сұрақтары

География пәнінен тест сұрақтары
География.
10 сынып.

1 нұсқа

Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а) Өзбекстан; в) Ұлыбритания; с) Индонезия; д) Ресей.
2. Таулардың пайда болу себебтері; а) сыртқы процесс; в) жердің ішкі процессі; с) климаттың әсері; д) судың әсері.
3. Нәсілдік белгілердің қалыптасуына әсер етті: А) экономикалық даму; в) ақыл-ой қабілеті;С) қоршаған орта; д) қоғамның дамуы.
4. Ғылыми – техникалық прогрестің нәтижесінде қалдықсыз өнім беретін сала: А) металлургия; в) көмір өнеркәсібі; с) химия өнеркәсібі; д) тамақ саласы
5. Дүние жүзінде робот жасау және пайдаланудан 1 орында: А) Канада; в) Жапония; с) АКШ; д) Италия
6. Еуропадағы монархия сақталған елдер: А) Франция, Италия; в) Бельгия, Албания; с) Германия, Чехия; д) Дания, Испания
7. Солтүстік орман белдеуінің ағаштарының түрлері: А) аралас орман; в) қылқан жапырақты; с) бұталар; д) жалпақ жапырақты.
8. Отын энергетикасында көп барланған пайдалы қазбаның түрі: А) көмір; в) шымтезек; с) мұнай; д) газ.
9. Ла- Манш бұғазы қай елдерді бөліп жатыр? А) Швеция- Норвегия; в) Ұлыбритания- Франция; с) Греция-Албания; д) Германия- Дания.
10 Континентаралық жолаушылар тасымалдауда 1-ші орындағы көлік түрі: А) теңіз көлігі; в) өзен көлігі; с) әуе көлігі; д) теміржол көлігі.
11. Халық ең көп қоныстанған дүние бөлігі:А) Азия; в) Америка; с) Еуропа; д) Африка.
12. Қалпына келмейтін табиғат ресурсы: А) жел ресурсы; в) жер, су ресурсы; с) орман ресурсы; д) минерал ресурстары.
13 Экспортқа көп мөлшерде шығарылатын дақыл: А) жұзім; в) банан; с) кофе; д) какао; е) ананас.
14. Дүние жүзіндегі ең биікте орналасқан елдер: А) Эфиопия, Бутан; в) Ауғанстан, Иран; с) Эквадор, Куба; д) Перу, Боливия.
15 Үндістан қай топқа жататын мемлекет? А) орта дамыған; в) дамушы; с) ірі дамыған; д) артта қалған.
16. Урбандалудың неше белгісі бар? А) 6; в) 5; с) 3; д) 2; е) 4.
17. Дүние жүзінде көп таралған тіл: а) ағылшын, неміс, француз; В) испан, португал, орыс; с) араб, қытай,иран; д) ағылшын, испан,орыс,хинди.
18. Жапонияның халықаралық мамандану саласына жатады: А) кино өндіру; в) автомобиль жасау; с) электроника; д) текстиль өнеркәсібі.
19. Африканың мыс белдеуіндегі мемлекеттер: А) Камерун, Чад; в) ОАР, Марокко; с) Замбия, Заир; д) Малави, Танзания.
20. Болат қорытудан дүние жүзінде 1-ші орын алатын ел: А) Жапония; в) АКШ; с) Ресей ; д) Қытай; е) Польша.

9 голосов

Один комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *