Қазақ тілі тест тапсырмалары 9 сынып

Қазақ тілі тест тапсырмалары
9 сынып.

Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Ойла, шырағым, еліңнің жайын.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Жауынды күз.
Дұрыс жауап: C

Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Оған қарағым келмейді.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Айналайын, шырағым, сенбісің?
Дұрыс жауап: E

Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Адам емес екенсің ғой, Айдар!
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Үшінші, орысты айттыңыз.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Жауынды күз.
Дұрыс жауап: A

Қаратпа сөзді белгілеңіз.
A) Пай-пай, киелі неткен жер!
B) Балаларым, сөзімді тыңда.
C) Қырға құстар келді.
D) Әнеки, ілулі тұр ақ семсері.
E) Қасыңдамын, міне, тұрмын.
Дұрыс жауап: B

Қаратпа сөзді көрсетіңіз.
A) Мүмкін сәл кідіре тұрарсыз.
B) Немене риза емеспісің?
C) Амал қанша осылай болды.
D) Сөйтіп ол Домалақ ана атанды.
E) Алма, кітаптарыңды әкел.
Дұрыс жауап: E

Қаратпа сөзді белгілеңіз.
A) Әукім-әукім, торпағым.
B) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың!
C) Байқаймын, ауыл әлі алыста.
D) Рас, сізді күтіп отыр едім.
E) Ұмытпа, бүгін бар.
Дұрыс жауап: A

Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сенің ойынша, дұрыс па?
B) Бәсе, бұл соның ісі!
C) Ой, бауырым, дос екенсің!
D) Әуелі, адамды түсінейік.
E) Мақұл, айтқаның болсын.
Дұрыс жауап: C

Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Құр, жануар, құр.
B) О не дегенің?
C) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
D) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.
E) Жоқ, дұрыс емес.
Дұрыс жауап: A

Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Дәурен кетті.
B) Бір топ адам егінге беттеді.
C) Қысқасы, оқиға бітті.
D) Еңбек адам баласын даңққа бөлейді.
E) Жатпалық, жастар, жатпалық.
Дұрыс жауап: E

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *