Пробные тесты ҰБТ 2013 каз 105 вариант

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Көнерген сөзді белгілеңіз.
A) Ермексаз.
B) Тамақ.
C) Тәрбие.
D) Шербек.
E) Найза.
2. Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жасалуын анықтаңыз.
A) Еріндік және езулік.
B) Ашық және қысың.
C) Жуан және жіңішке.
D) Еріндік және жіңішке.
E) Езулік және ашық.
3. Тек бітеу буынды сөзді белгілеңіз.
A) Баған.
B) Көкпар.
C) Теріс.
D) Балта.
E) Батыр.
4. Біріккен сөздің дұрыс жазылғанын көрсетіңіз.
A) Ашутас.
B) Ашудас.
C) Ащудас.
D) Ашу дас.
E) Ащутас.
5. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.
A) Шаңқ етті.
B) Сырт етті.
C) Дүрс-дүрс соқты.
D) Қайқаң етті.
E) Шарт сынды.
6. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз.
Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады
A) Салалас сөйлем.
B) Жай сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Хабарлы сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
7. Синонимге жатпайтын қатарды табыңыз.
A) Жолаушы, жүргінші.
B) Ет, сіңір.
C) Жәрдем, көмек.
D) Жаңбыр, нөсер.
E) Жәбірлеу, қорлау.
8. Қос сөзді көрсетіңіз.
A) Некен саяқ.
B) Бейне жазба.
C) Бәйге ат.
D) Бәле құмар.
E) Бел буу.
9. Көмекші есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тәуелсіз қазақ еліне білімді де білгір азаматтар көп керек.
B) Жұрттың бәрі қос маңына шоғырлана қалған екен.
C) Адалдықпен тірлік кешу де оңай емес екен.
D) Тек қана жақсы адамдарға үйір болдым.
E) Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.
10. ”Торғайдай” сөзі қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
A) Зат есім.
B) Есімдік.
C) Үстеу.
D) Етістік.
E) Сын есім.
11. Өздік есімдіктердің соңғы қосымшасын анықтаңыз.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
A) Жіктік жалғауы.
B) Септік жалғауы.
C) Түбір сөз.
D) Көптік жалғауы
E) Тәуелдік жалғауы
12. Қалып етістігі арқылы жасалатын шақ түрін белгілеңіз.
A) Жедел өткен шақ.
B) Болжалды келер шақ.
C) Нақ осы шақ.
D) Ауыспалы осы шақ.
E) Мақсатты келер шақ.
13. Туынды түбір үстеу жасайтын жұрнақтарды анықтаңыз.
A) -ңыз,-ңіз, -ыңыз,-іңіз.
B) -мақ,- мек ,-бақ , -бек.
C) -айын,- ейін,-йын, иін.
D) -ды, -ді, -ты, -ті.
E) -майынша, -мейінше,-байынша,-бейінше.
14. Одағай сөзді анықтаңыз.
A) Япырмай, ә, өзім де соны сезіп жүр едім.
B) Жігіттер, аруды аттан түсіріңдер!
C) Иә, бұл — күйсандықтың кілті.
D) Бәсе, ауылыңызға барыңыз.
E) Батыр, бұл айыбың ба?
15. Матаса байланысқан сөз тіркесін анықтаңыз.
Жүйріктерін белбеулеріне байлап, көштің ішіне шашырай орын алды.
A) Жүйріктерін байлап.
B) Белбеулеріне байлап.
C) Шашырай орын алды.
D) Көштің ішіне.
E) Орын алды.
16. Пысықтауыш қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
A) Расында да, бұл ақбөкен еді.
B) Оның жасырған саны – бес.
C) Кенесары батырларының ерлігі соңғы кезде жұрт арасына аңыз болып тарала бастаған.
D) Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр.
E) Менің айтарым – осы.
17. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.
A) Ол тоты құстың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
B) Аққуды атпайды, киесі соғады.
C) Менің әкем қыр мұрынды, нарттай қызыл кісі еді.
D) Оларда пасықтық бар, — адамдық жоқ.
E) Үй-ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық жұрт қонақтардың айналасына жиылды.
18. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
A) Бірі жылжып барады, бірі мөңкіп.
B) О, Муза!
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.
C) Сырласым-ау, сырымды ұқсын кім менің?
D) Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!
E) Әйтеуір, есіп жүргенмін,
Өмірді кешіп жүргенмін.
19. «Құтты білік» атты еңбектің авторын көрсетіңіз.
A) Махмұд Қашқари.
B) Жүсіп Баласағұн.
C) Сайф Сарай.
D) Қожа Ахмет Яссауи.
E) Ахмет Йүгінеки.
20. Сөйлемдерден омонимдік қатарды табыңыз.
A) Маған мұражай ұнады. Адамға бірден ұнау қиын.
B) Дүкен ашық тұр. Жанар есікті ашты.
C) Майра ән салды. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.
D) Түнделетіп жүріп келеміз. Түнгі ауа тамаша.
E) Кінәлама, кеш мені. Жолаушы күрең суды кешіп өтті.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *