Қазақ тiлi тест сұрақтары тест 200 — 300

№ 201
Езулік дыбыстысы бар сөзді табыңыз.
А) Бұлбұл.
В) Жону.
С) Мүше.
Д) Жеміс.
Е) Көл.

№ 202
“Ә” дыбысы қай сөзге қойылады ?
А) …ңқау.
В) …стық.
С) …шбір.
Д) …ңгіме.
Е) …рақ.

№ 203
“О” дыбысы қай сөзге қойылады ?
А) …лең.
В) …йгілі.
С) …ттық.
Д) қ…змет.
Е) б…йге.

№ 204
“Ө” дыбысы қай сөзде жазылады ?
А) Г…лнәр.
В) К…нетоз.
С) Нөс…р.
Д) М…сәпір.
Е) Д…укес.

№ 205
“Ұ” дыбысы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жұлд…з.
В) Құр…л.
С) Нақ…рыс.
Д) Бөлм….
Е) Түс….

№ 206
“Ү” дыбысы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Б…йшаң.
В) Нөс…р.
С) Көл…к.
Д) Мәжб…р.
Е) Ж…лдыз.

№ 207
Қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.
А) Уақыт, тамақ.
В) Шойын, шабыт.
С) Бөрене, пияз.
Д) Жомарт, сахна.
Е) Патша, соқпақ.

№ 208
Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
А) Машина, уағыз.
В) Ұлан, маймыл.
С) Аққу, суық.
Д) Күзетші, мақсат.
Е) Әдемі, ұстаз.

№ 209
Ұяң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
А) Ғажап, гүлбақ.
В) Дағды, ғұлама.
С) Бағбан, гауһар.
Д) Вагон, әр заман.
Е) Жезде, егде.

№ 210
Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Дәметкен.
В) Аружан.
С) Белбеу.
Д) Жангелді.
Е) Қолтаңба.

№ 211
Омоним деген не?
А) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
В) Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-біріне алшақ.
С) Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөзбен сөзді байланыстыратын.
Д) Бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздер.
Е) Баяндауышпен бастауыштың байланысы.

№ 212
Омонимді сөз қатысқан сөйлем қайсы?
А) Сүтсіз сиыр сүзеген.
В) Азғын бұзау – жүдеу бұзау.
С) Мал баққанға бітеді.
Д) Атты адам аңды атты.
Е) Жалқау өзіне жау.

№ 213
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
А) Ағаш, бұтақ, жапырақ.
В) Ауыр, аусыл, адуын.
С) Тас, тау, шың.
Д) Қайратты, қажырлы, қуатты.
Е) Еңбек, абырой.

№ 214.
Қай синонимдік қатар толық берілген?
А) Тілектес, төре.
В) Ыстық, сұық.
С) Ызғарлы, ауық.
Д) Суық, ашық.
Е) Долы, ашулы, адуын.

№ 215
Синоним деген не?
А) Мағынасы бір – біріне қарама-қарсы сөздер.
В) Жазылуы, айтылуы бірдей, мағыналары басқа-басқа сөздер.
С) Жазылуы, айтылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
Д) Мағынасы мен жазылуы бөлек, айтылуы бірдей сөздер.
Е) Белгілі бір мамандық, кәсіп аумағында қолданыластын сөздер.

№ 216
Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Қап, ойбай.
В) Ақшыл, боз.
С) Арық, семіз.
Д) Дарбаза, сым.
Е) Жылы, ыстық.

№ 217
Қарама-қарсы мағынада тұрған жұпты табыңыз.
А) Әдемі-әдемілеу.
В) Ұзын-биік.
С) Айдын-айқын.
Д) Жоғары-төмен.
Е) Тамаша-әдемі.

№ 218
Тұрақты тіркесті табыңыз.
А) Қала мен ауыл арасы.
В) Алты қанат ақ үй.
С) Қас пен көздің арасы.
Д) Көпке тараған ән.
Е) Ел арасында.

№ 219
Мақалды табыңыз
А) Ердің атын еңбек шығарар.
В) Сырдың суы сирағынан келмес.
С) Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.
Д) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Е) Мақтаулы еңбек ері.

№ 220
Септеулі сын есімді көрсетіңіз.
А) Екі-екіден отырыңдар.
В) Орындық рет-ретімен қойылды.
С) Мейірімсіздердің жолын кесу керек.
Д) Апасы келді.
Е) Орталыққа барамын.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *