Тест по казахскому языку на казахском 150 — 300

№ 151
Табыс септікте тұрған есімдікті көрсетіңіз
А) өзіме бер
В) олардан ал
С) ешкім келген жоқ
Д) бұнымен бірге
Е) мынаны апар

№ 152
Үкіметті кім басқарады?
А) Президент
В) Премьер-министр
С) Әкім
Д) Парламент
Е) Министр

№153
Теңгенің туған күні қашан?
А) 1990 15 қазан
В) 1991 15 қыркүйек
С) 1992 15 қаңтар
Д) 1993 15 қараша
Е) 1994 15 ақпан.

№ 154
Нәтижелі өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз
А) сөз еститінмін
В) көп оқыдым
С) мектеп бітіргенмін
Д) оған айтсам
Е) айылдан келдік

№ 155
Сын есімнен шыққан үстеулер қатарын белгілеңіз
А) қайта, жүрелей, жорта
В) босқа, жаңадан, ескіше
С) бірден, бірте-біртен, екі-екіден
Д) осылай, меніңше, өзінше
Е) күндіз, жатқа, шалқасынан

№ 156
Жалғаулық шылауы бар сөйлемді табыңыз
А) Бос  уақытта мен кітап оқимын
В) Әсия мен Әсет сабаққа бірге дайындалады
С) Қазақ тілі — бай тіл
Д) Әр халықтың өз ана тілі бар
Е) Мен ұйықтап қалдым

№ 157
Қай сөйлемде көп нүктенің орнына -ші/-шы жұрнағын қоюға болады?
А) Біз онымен жүр…піз.
В) Ол менің жол…сым
С) Ол менімен қызмет…
Д) Менің әкем жүргізу…., шешем сауын….
Е) Мен жақсы көре…

№ 158
Жауабы белгілі- «Пойыз 10 минуттай кешігіп келді». Берлілген сұрақтардың арасынан керекті сұрақты табыңыз
А) Бұл станцияда пойыз қанша тұрады?
В) Пойыз кесте бойынша келді ме?
С) Келесі пойызға билет бар ма?
Д) Павлодардан Алматыға дейін тура баратын пойыз бар ма?
Е) Пойыз нешеде жүреді?

№ 159
Қай жауап мінезді білдіреді?
А) дәмді лағман
В) әсем қала
С) аққөңіл азамат
Д) кызыл көйлек
Е) қышқыл алма

№ 160
Қай қаланың жазылуында қате жіберілген?
А) Алматы
В) Қостанай
С) Жезказган
Д) Көкшетау
Е) Павлодар

№ 161
Мөлшер үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Қалай? Қайтіп?
В) Не үшін? Не мақсатпен?
С) Неге? Не үшін?
Д) Қалайша? Қашан?
Е) Қанша? Қаншама?

№ 162
Анықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Қандай? Қанша?
В) Кімнен? Неден?
С) Кімге? Неге?
Д) Қайда? Қайдан?
Е) Қалай? Қашан?

№ 163
Себеп-салдар жалғаулықтарың көрсетіңіз
А) да/де, та/те
В) әйтпесе, бірақ
С) не, немесе
Д) сондықтан, өйткені
Е) және, мен, бен, пен

№ 164
Қай қатардағы сөз жіктеліп тұр? Укажите слово с личным окончанием.
А) ақ орамал
В) жақсы сөйледім
С) қызық кітап
Д) ақылды жігіт
Е) қызыл алма

№ 165
Қай сөзге көптік жалғауы жалғанбайды?
А) сағат
В) киім
С) ауа
Д) жәндік
Е) алма

№ 1 66
Үнді дауыссыздар қатарын көрсетіңіз:
А) а,ә,б,г
В) б,в,г,д
С) к,п,с,т
D) р,у,й,м
Е) н,ң,қ,ш

№ 167
Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) б,в,д,ж,з
В) у,и,е,о,ө
С) х,ц,ш,щ,т
D) р,л,й,у,м
E) п,р,с,т,у

№ 168
Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) к,қ,п,с,т
В)  б,в,г,ғ,д
С) й,у,м,н,ң
D) а,б,в,г,д
E) п,р,с,т,у

№ 169
Үндестік заңына бағынбай тұрған қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз:
А) білгір
В)  студенттер
С) білімпаз
D) білікті
Е) оқымысты

№ 170
Үндестік заңына сәйкес жалғанған қосымшалы сөзді табыңыз:
А) ақылдылыққа
В)  сәнқой
С) өнерпаз
D) ағамдікі
Е) баламен

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *