Тесты на казахском все темы , на казахском Есімдік

Есімдік
1-нұсқа
1. Төмендегі сөзге тіркес бола алатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
…бармадық.
А) Оған.     В) Театрға.     С) Мектепке.     Д) Үйге.     Е) Қалаға.
2. Сұрау есімдігінің көпше түрін көрсетіңіз.
А) Мыналар.     В) Қандайларға.     С) Біреулерге.     Д) Оларды.     Е) Солардан.
3. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А) Қатыстық.     В) Сұрау.     С) Көсемше.     Д) Есімше.     Е) Жинақтық.
4. Тиісті есімдікті қойыңыз: …сабақ оқыдым.
А) Олар     В) Ол     С) Мен     Д) Біреу     Е) Кім?
5. Сұрау мақсатында есімдіктің қай түрі қолданылатынын көрсетіңіз.
А) Сұрау.     В) Болымсыздық.     С) Жалпылау.     Д) Өздік.     Е) Сілтеу.
6. Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А) Кімге.     В) Оған.     С) Өзіңе.     Д) Бүкілінің.     Е) Емханаға.
7. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз.
А) Бұл ел.     В) Өз елім.     С) Ел мен жер.     Д) Менің елім.     Е) Ел іші.
8. Есімдікпен толықтырыңыз: … кісі менің әкем.
А) Күллі.    В) Бұл.     С) Қалай.     Д) Өзі.     Е) Сіз.
9. Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Ол.     В) Оны.     С) Онан.     Д) Онда.     Е) Оған.
10. I жақта қолданылатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
А) Мен, сендер.   В) Сен, біз.   С) Мен, біз.   Д) Сіз, сендер.   Е) Ол, олар.
11.Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Қайсы.     В) Саған.      С) Бүкіл.     Д) Әркім.     Е) Анау.
12. Есімдігі бар тіркесті көрсетіңіз.
А) Кітап оқу.   В) Тамақ іштім.   С) Үйге келдім.   Д) Өз үйім.   Е) Доп ойнадым.
13. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Менде кел.   В) Мен кел.   С) Маған кел.   Д) Менің кел.   Е) Мені кел.
14. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Өзім.     В) Сен.     С) Бұл.     Д) Біреу.     Е) Бәрі.
15. Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.
А) Болымсыздық.   В) Жалпылау.     С) Сілтеу.     Д) Сұрау.     Е) Жіктеу.
16. Тәуелденіп келген болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Осы.     В) Туың.     С) Ешкімім.     Д) Бәрі.     Е) Көзім.
17. Сұрау есімдігін табыңыз.
А) Бұл.     В) Ол.     С) Біз.     Д) Бәрі.     Е) Кім.
18. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай?
Қонақты сағат нешеге шақырдың?
А) Көптік жалғау.    В) Жұрнақ .     С) Септік жалғау.    Д) Тәуелдік жалғау.    Е) Жіктік жалғау.
19. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Қашан, қалай.     В) Міне, әне.     С) Бәрі, бүтін.     Д) Біздер, сіздер.     Е) Біреу, кейбіреу.
20. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Нешеуінің?     В) Қайсын?     С) Кімсіздер?      Д) Неңіз?     Е) Кіміңіз?
21. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.
Жиналыста ешкім сөйлемеді.
А) Есімдік.    В) Етістік.     С) Зат есім.     Д) Сын есім.    Е) Үстеу.
22. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір.    В) Ешкім, ешқайсысы.    С) Бірдеме, біреу.    Д) Өзің, өздері.    Е) Түгел, тегіс.
23. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.
А) Олар, бұлар.    В) Менен, одан.    С) Ешқашан, ешқайда.    Д) Мен, сен.   Е) Кейбіреуге, біреудің.
24. Жіктеу есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Олар, сіздер.    В) Бұл, сол.    С) Бәрі, күллі.    Д) Біреу, әркім.    Е) Ешкім, еш адам.
25. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
А) Зат есім.    В) Одағай.      С) Есімдік.      Д) Үстеу.      Е) Етістік.

Есімдік
2-нұсқа
1. Мақалдың ішінен есімдікті белгілеңіз.
Қонағым, өз үйіңді де ойлап отыр.
А) Үйіңді     В) Өз     С) Қонағым     Д) Ойлап отыр     Е) Де
2. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Оны.     В) Соны.     С) Кімде.     Д) Өзім.     Е) Біреу.
3. Есімдік пен зат есім тіркесін табыңыз.
А) Өткен ғасыр.   В) Осы кітап.   С) Жаңа жыл.   Д) Төрт дәптер.   Е) Биік тау.
4. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
А) Өзім, өзің, өзі.      В) Біз, сіз, ол.      С) Қандай? қанша? неше?     Д) Біреу, кейбіреу, әркім.
Е) Анау, мынау, осынау.
5. Мен, сен, ол, біз, сіз есімдіктерінің түрін белгілеңіз.
А) Сілтеу.     В) Жіктеу.     С) Сұрау.     Д) Өздік.     Е) Болымсыздық.
6. Болымсыздық есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Барлық, бәрі.    В) Әркім, әрқайсысы.    С) Сіздер, олар.    Д) Сол, бұл.    Е) Ешқайда, ешкім.
7. Тиісті сөзді табыңыз: Дүкен … ашылады?
А) Ештеңе.     В) Өзі.     С) Әрбір.     Д) Қандай.     Е) Қашан.
8. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Барша, түгел.     В) Өзім, өздері.     С) Ешбір, ешкім.     Д) Қайсы, қай.     Е) Сол, бұл.
9. Өздік есімдігін белгілеңіз.
Өз елім – менің өлең төсегім.
А) Төсегім.      В) Елім.     С) Менің.       Д) Өз.      Е) Өлең.
10. Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Кім, не.    В) Ешкім, ештене.    С) Ешқашан, ешбір.    Д) Олар, сендер.    Е) Анау,мынау.
11. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз.
А) Сені, сендерге.    В) Өзі, өздері.    С) Әлдекім, әлдене.    Д) Оларды, мені.   Е) Кімге, неге.
12. Мына сөздердің ішінен болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) Әлдене, әлдекім.    В) Сол, ол.   С) Анау, мынау.    Д) Күллі, бүкіл.   Е) Дәнеңе, дәнеме.
13. Табыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Бұны.     В) Бұлар.     С) Бұнысы.      Д) Бұнымен.     Е) Бұдан.
14.Жалпылау есімдігін табыңыз.
А) Бүкіл.     В) Кей шақта.     С) Неге.     Д) Әрқашан.     Е) Дәнеңе.
15. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Емен.     В) Неше.     С) Өзі.     Д) Ел.     Е) Мен.
16. Өздік есімдігін табыңыз.
А) Өркендету.     В) Көрсеткіз.    С) Мүлдем.     Д) Өздеріңіз.     Е) Көңілсіз.
17. «Ешқандай, ешқайдан» сөздеріне тән қатарды белгілеңіз.
А) Болымсыз етістік.  В) Белгісіздік есімдігі.   С) Өздік етіс.   Д) Үстеу.  Е) Болымсыздық есімдігі.
18. Есімдікті табыңыз.
А) Сонау, мына.   В) Белсенді.    С) Әрине, мүмкін.   Д) Бәрекелді, пәлі.    Е) Қызыл, көк.
19. Барыс септік жалғауында тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өзіңе.     В) Өзі.      С) Өзіңде.     Д) Өзіміз.    Е) Өзіңмен.
20. Белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Бәріміз.    В) Біреу.    С) Күллі.     Д) Бәрі.     Е) Барша.
21. «Анау» сөзі қай сөз табы екенін белгілеңіз.
А) Есімдік.    В) Етістік.     С) Үстеу.     Д) Сын есім.     Е) Зат есім.
22. Барыс септік жалғаулы сұрау есімдігін көрсетіңіз.
А) Неде?     В) Немен?       С) Неге?       Д) Нелер?      Е) Нені?
23. Көп нүктенің орнына лайықты сөзді көрсетіңіз.
… көріп қайттым.
А) Өзге.     В) Маратқа.      С) Маған.      Д) Өзінде.      Е) Өзін.
24. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Жалпы.     В) Айнала.     С) Бауыр.      Д) Бұлар.      Е) Бұдан.
25. Сұрау есімдігінің  І жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.
А) Кімбіз?    В) Қаншасы?     С) Кімде?     Д) Кімі?      Е) Қалай?

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *