Тесты ЕНТ история Казахстана на казахском языке

Тесты к ЕНТ 2013 по истории Казахстана на казахском языке

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1. XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі, салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі негізінде:
A) Түрлі діни ағымдар пайда болды
B) Моғолстан мемлекеті құрылды
C) Бөкей ордасы құрылды
D) Қазақ хандығы құрылды
E) Ішкі феодалдық тартыстар өрши түсті
2. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болған қалалар:
A) Отырар, Сайрам
B) Ташкент, Баласағұн
C) Сығанақ, Түркістан
D) Қызыл тура, Орда базар
E) Тараз, Мерке
3. 1643 жылғы Жәңгір ханның басшылығымен қазақтар жоңғарларды жеңген шайқас:
A) Айғыржар шайқасы
B) Ойрантөбе шайқасы
C) Орбұлақ шайқасы
D) Аңырақай шайқасы
E) Қалмаққырылған шайқасы
4. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қайғы-қасірет әсерінен туған ән:
A) «Елім менің»
B) «Заман-ай»
C) «Қайран дүние»
D) «Елім-ай»
E) «Туған жер»
5. 1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы:
A) Ұзынағаш
B) Жетісу
C) Есік
D) Үргеніш
E) Алматы
6. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны:
A) 800-ге жуық
B) 900-га жуық
C) 500-ге жуық
D) 600-ге жуық
E) 700-ге жуық
7. «Алтын қорған» деген атау алған Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған:
A) Шілікті қорғаны
B) Есік қорғаны
C) Берел қорғаны
D) Бесшатыр қорғаны
E) Аралтөбе қорғаны
8. VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік-батысын мекендеген түрік тайпасы:
A) Қимақ
B) Қарлұқ
C) Түргеш
D) Қарахан
E) Қыпшақ
9. XIV ғасырдың 90-жылдары Едіге Ноғай Ордасының беделін көтеріп, шекарасын ұлғайту мақсатында соғысты:
A) Әмір Темірмен
B) Тоқтамыспен
C) Өзбекпен
D) Шайбан Әбілқайырмен
E) Тоғылық Темірмен
10. 1734 ж. Ресейде құрылған «Қырғыз-қайсақ» экспедициясының мақсаттарының бірі:
A) Ұлы жібек жолын қалпына келтіру
B) Қиыр Шығысты игеру
C) Жоңғар хандығына жорық жасау
D) Орта Азияның картасын жасау
E) Кіші жүз жеріндегі табиғи ресурстарды зерттеу
11. XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтерілістің нәтижесі:
A) Салық мөлшеріне шек қойылды
B) Есет Орынборда патша билігін мойындады
C) Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын орындауға уәде берді
D) Жазалаушы топтар талқандалды
E) Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті
12. 1865 жылы құрылған «Дала комиссиясын» басқарған:
A) С.Гросс
B) Б.Шварц
C) Э.Сташинский
D) Ф.Гирс
E) Л.Мурашкин
13. 1812 жылы Отан соғысында ерлігімен «Георгий» орденінің кавалері атанған қазақ:
A) Майлыбайұлы
B) Н.Жанжігітұлы
C) Б.Шуашбайұлы
D) Ы.Әубәкірұлы
E) Е.Азаматұлы
14. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәліметтерін жинап құнды зерттеу жүргізген поляк азаттық қозғалысының өкілі:
A) Г.Михаэлис
B) С.Гросс
C) Т.Шевченко
D) К.Миллер
E) П.Рычков
15. 1905-1907 орыс революциясы жылдары қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд:
A) Перовск
B) Қарқаралы
C) Әулиеата
D) Шымкент
E) Жаркент
16. Алашорданың уақытша орналасқан жері:
A) Орал
B) Семей
C) Қостанай
D) Верный
E) Орынбор
17. Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді:
A) 1946 ж.
B) 1938 ж.
C) 1933 ж.
D) 1942 ж.
E) 1937 ж.
18. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы:
A) Ядролық физика
B) Медицина
C) Ғарышты игеру
D) Кибернетика
E) Есептеу техникалары
19. КОКП басшылары Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына берген бағасы:
A) «кәсіпшілдік қақтығысы»
B) «демократиялық бастаулар»
C) «ұлт-азаттық қозғалыс»
D) «діни сипаттағы қозғалыс»
E) «қазақ ұлтшылдығының көрінісі»
20. Арал төңірегіндегі неолиттік тұраќтың бірі:
A) Тоќсанбай
B) Сексеуіл
C) Ќараќұдыќ
D) Темір
E) Ќарғалы

5 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *