2016 жылы ҰБТ өткізудің жаңа ережесі шығады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жыл соңына дейін ҰБТ өткізуге өзгертулер мен толықтырудар болатынын айтты.
Ұлттық Бірыңғай тестілеуге енгізілетін жаңалықтар келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында БАҚ-да жарияланады,-деді Бердібек Сапарбаев.
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша аталған өзгертулер түлектердің ата-аналарының шағымдарының негізінде енгізіледі.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты мәселе көп. Министрлік тестілеу ойдағыдай өтті, оқушылардың білім деңгейі жақсы деп есеп берді. Бірақ, бәрібір ата-аналар тарапынан арыз-шағым азайған жоқ. Білім басқармалары, мектеп директорлары мен әкімдіктер статистиканың соңына түсіп, ҰБТ-ға барынша көп оқушы қатысса және жоғары балл жинаса болды дейді. Бірақ, бұл дұрыс емес», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіне түскен арыздарды талдап, саралауды тапсырды. Биылғы 2014-2015 оқу жылында ҰБТ-ы қорытындысы бойынша орташа ұпай- 79,4%. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (76,9%) 2,5%-ға көтерілген. Ең жоғарғы 125 ұпайды 5 түлек алды.
Республика бойынша грант алу барысында 39 «Алтын белгі» иегерлері ешқандай білім беру грантына ие бола алмады.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *