Аралас құрмалас сөйлем (Сложное предложение с сочинительной и подчинительной связями)

Аралас құрмалас сөйлем (Сложное предложение с сочинительной и подчинительной связями)
Жай сөйлемдер бір-бірімен өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады. (Простые предложения связываются друг с другом и сочинительной связью, и подчинительной связью)

Ерекшеліктері (особенности)
1. Аралас құрмалас сөйлемде білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады.  (Смысловое значение в сложном предложении бывает сложнее, чем в ССП и СПП)
2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа да, сабақтаса да байланысқанда, кемінде үш не одан да көп  компоненттен тұрады. (Смешанные предложения могут иметь в составе три и более компонентов)
3. Аралас құрмалас сөйлемдердің құрамында жалғаулықты да, жалғаулықсыз да сөйлемдер болады.  (В составе смешанного предложения могут быть предложения с союзами и без союзов)
4. Тыныс белгілерінде сабақтастағы және салаластағы тыныс белгілерінің ережелері сақталады.  (В пунктуации смешанного предложения сохраняются те же знаки препинания, которые есть в ССП и  СПП)
5. Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің  баяндауыштары тиянақты болып келеді. (Сказуемое одного из трех простых предложений не выражает  законченную мысль, а в остальных частях сказуемые выражают законченную мысль)

Мысалы: 1. Түн бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып, Ушаков қайта оқып шығып еді, толып  жатқан қайшылықтар көп екен.  Бірінші және екінші компоненттер сабақтаса байланысқан. Екінші мен үшінші компоненттер салаласа байланысқан. (1 и 2 компоненты связаны подчинительной связью, а 2 и 3 компоненты –сочинительной)
2. Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда,  қазақ жұмыскерлері оны «Сары ауыз» деп жүріп еді, қазір сары балшықтың бетін түгел  көмір ұнтағы жауып кетті де, «Қара жыра» атанды. Бірінші және екінші компоненттер сабақтаса байланысқан. Үшінші және төртінші компоненттер салаласа байланысқан. (1 и 2 компоненты связаны подчинительной связью, а 3 и 4 – сочинительной связью)
3. Күн батуға таянғанда, аспан әлемін қара бұлт қаптаған еді, терістіктен соққан күшті жел  жерге бір тамшы да тамызбады. – жалғаулықсыз аралас құрмалас сөйлем. ( бессоюзное смешанное сложное предложение)
4. Сабақты жақсы оқысаң, жолдастарың құрметтейді және ата-анаң қуанышқа кенеледі.  жалғаулықты аралас құрмалас сөйлем. (союзное смешанное сложное предложение)

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *