Аралас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 1

Аралас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 1
1. Мына аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.
«Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң , туырлық
орнына ши ұстап қойыпты.
А) бағыныңқы, басыңқы, басыңқы В) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
С) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы Д) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Е) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұлар үйге кіргенде, түн ортасы жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан жатпады.
В) Уақыт өткен сайын, су киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсіп, денеміз дірілдей бастады.
С) Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік.
Д) Машина жақындаған сайын қала да қойнын ашып, көшелері кеңи бастады.
Е) Басында бірін-бірі онша білмесе де, осында келгеннен кейін, отбасы мүшелеріндей қатты
араласып, туыстай болып кеткен еді.
3. Аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.
«Ол оянса, терезе жабық , үй іші қара көлеңке екен».
А) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы В) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
С) бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы Д) бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Е) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
4. Себеп-салдар сөйлемдері бар аралас құрмаласты табыңыз.
А) Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнгенге санаймын да, бүгіннен бастап босатамын.
В) Қарағандының қары тез еріп, сай-салалар суға толып, өзеңдер тасығалы тұр.
С) Өзгелері қос атпен тартқандай, қосалқы мұғалім де ілігіп келеді.
Д) Өмірдің ащы-тұщысын бірдей таттық: шаңырақ көтергенімізге жарты жыл толмай жатып, соғыс
басталды.
Е) Ақжелкеннің сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмаш ақтауға тиіс.
5. «Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлем
А) Жолдан бұрыстау болғанмен, егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін.
В) Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып,
Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған-ды.
С) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Ақан құлағын төмен қарай тұқырта
басып қалып еді, ат етпетінен түсті.
Д) Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне Бектай көнді.
Е) Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді.
6. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң , Айбала шай қойды.
В) Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген малым болса.
С) Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері от шашып тұрды.
Д) Ертеңіне тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.
Е) Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге
аспады.
7. Аралас құрмаластың схемасын табыңыз.
«Шөптің бойы биік болады да, қашқан қоян мен түлкі болса, шөптер көрсетпейді, аңдар қалай
қарай көшкеніне биік шөптің бойынан орғып шапқан иттің жобасынан ғана байқаймыз».
А) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
В) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
С) бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
Д) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Е) басыңқы, басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы
8. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Күн санап кеңес тәртібі орнығып, ұйымдардың өзі де ерекше қызмет атқарып отырды.
В) Атаман үкіге еңкейіп, қолын суға малды да, бір қызыл сағанды мұз бетіне лақтырып тастады.
С) Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
Д) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.
Е) Осылар арасынан шыққан Базарлы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік.
9. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Күн ашық болғандықтан, орталық алаңға жиналдық, дегенмен кешегі жоспарымызды жүзеге асыра
алмадық.
В) Қуаты – ақындық, үміті – халық.
С) Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқ-ты.
Д) Артиллерия дайындығы жеткіліксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қинап, бет
қаратпады.
Е) Уайым ойламаса да, қаланың ыстық шағында тұншығып бұлыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ
іше алмады.
10. Аралас құрмалас сөйлемге тән ерекшелігін анықтаңыз.
А) Құрамындағы бағыныңқы сыңарлардың әрқайсысы басыңқы сыңармен тікелей байланыса алады.
В) Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің
баяндауыштары тиянақты болып келеді.
С) Көп басыңқылы сабақтас сөйлемдердің басыңқы сыңарлары өзара салаласа байланысуы керек.
Д) бағынынқылары әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, әр түрлі мазмұнды білдіреді.
Е) Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *