Екпін (Ударение)

Екпін (Ударение)
Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі – көмекші екпін.
(В казахском языке есть два вида ударения: первый вид – основной, второй вид – вспомогательный).
Қазақ тілінде екпін тұрақты, дыбыстың соңғы буынына түседі. (Ударение в казахском языке постоянное, всегда падает на последний слог). Мысалы: қала, жақсы- негізгі екпін (основное ударение).
Сөзге қосымша жалғанса (жалғау, жұрнақ), екпін соңғы қосымшаға түседі.
(Если к слову присоединяется окончание или суффикс, то ударение падает на последний аффикс). Мысалы: қала+лар, қала+лар+дың, жақсы+лық, жақсы+лық+тар+дың сөздерінде негізгі екпін соңғы буынға көшеді, ал түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметін атқарады. (В данных примерах ударение переносится на последний слог и становится основным ударением, а основное ударение в корне слова превращается во вспомогательное ударение).
Екпін түспейтін буындар. (Слоги, не принимающие ударение)
1. Жіктік жалғауы (Личные окончания). Мысалы: оқушы+мыз, бара+сың, келе+ді т.б.
2. Етістіктің болымсыз жұрнақтарына (Отрицательные суффиксы глагола): -ма-ме-ба-бе-па-пе-:
Мысалы: жаз+ба, отыр+ма, айт+па, бер+ме, қара+ма т.б.
3. Шылау сөздерге (Союзы и частицы): да,де,мен,пен,бен,үшін т.б: Мысалы: Үй де, мал да аман.
4. Көмекші сөздерге (Вспомогательные слова): -ғой –дейін –шейін — соң т.б.
Мысалы:Үйге дейін келдім. Мен ғой мектепте болдым.
5. Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату мәнін білдіретін -дай-дей-тай-тей-лай-лей- және -ша-ше- жұрнақтарына екпін түспейді. (Ударение не падает на суффиксы уподобления, которые присоединяются к именным частям речи и к причастиям).
Мысалы: үй+дей, бала+дай, келген+дей, айтқан+ша
6. Етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш білдіретін –шы-ші- қосымшасына екпін түспейді. (Ударение не падает на аффиксы –шы-ші-, которые присоединяются к глагольным формам, выражающим просьбу, пожелание). Мысалы: айт+шы, көр+ші, барайық+шы т.б.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *