Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 2

Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 2
1. Тұйық етістікті табыңыз.
А) оқып В) көрген С) айтпақ Д) білгелі Е) сарғаю
2. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.
А) Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет.
В) Денсаулықты сақтау керек.
С) Темекі шегу денсаулыққа зиян.
Д) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылады.
2. Туынды етістікті табыңыз.
А) жатырқа В) жамыра С) ойла Д) айт Е) көр
3. Бір сыңары зат есім болып келген күрделі етістікті тап.
А) жүре бер В) жазып отыр С) келе жатыр Д) ән салды Е) тыңдады

4. Сабақты етістікті табыңыз.
А) кетті В) келді С) ұйықтады Д) оқыды Е) жатты
5. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) биледі В) билер С) билеген Д) билепті Е) билейді
6. Жедел өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) көріп отыр В) көреді С) көрді Д) көрген Е) көріпті
7. Қалау райда тұрған етістікті табыңыз.
А) барамын В) барғым келеді С) барсам Д) барсын Е) бармақ
8. Бұйрық райда тұрған етістікті табыңыз.
А) күрескен В) күрескім келеді С) күресіп Д) күрес Е) күрессек
9. Шартты райда тұрған етістікті табыңыз.
А) айтамын В) айтқым келеді С) айтсын Д) айтсақ Е) айт
10. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) тасыу В) кепу С) жуу Д) жайу Е) суыу

1 голос

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *