Қазақ тілі туралы

ҚАЗАҚ  ТІЛІ  ТУРАЛЫ
Қазіргі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 1929 жылға дейін қазақ жазуы араб алфавитіне негізделген.1929 – 1940 жылдар аралығында қазақтар латын алфавитін пайдаланған. 1940 жылы орыс алфавитіне көшу туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. 1993 жылы қаңтардың 22-і күні тіл мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілді. 1997 жылы Тіл Заңы  қайтадан талқыланып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді.
1997 жылы шілденің 7-нде жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда  қабылданған жаңа  Конституцияның 7-ші бабы қазақ тіліне байланысты.
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңының 4-ші бабында  мемлекеттік тілі – қазақ тіліне сипаттама берілген.
Түркі тілдері 6 топқа бөлінеді: Оңтүстік тобы, Батыс тобы, Орталық тобы, Шығыс тобы, Солтүстік тобы, Чуваш тобы. Қазақ тілі орталық тобының қыпшақ тілі бұтағына жатады.
(до 1929 года – арабский алфавит).
(с 1929 года по 1940 год – латинский  алфавит).
(с 1940 года – кириллица).
(1989 года 22 сентября казахский язык принял статус государственного языка).
(1997 году 30 августа принята новая Конституция РК).
Қазақ тілі білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар: фонетика, лексика, грамматика.
(Лингвистика казахского языка исследует 3 больших раздела казахского языка: фонетика, лексика, грамматика).

фонетика
1. дауысты дыбыс
2. дауыссыз дыбыс
3. буын
4. тасымал
5. екпін
6. үндестік заңы
7. орфография
8. орфоэпия

морфология
1. сөз құрамы
дара сөз: түбір сөз, туынды сөз
күрделі сөз: қос сөз, біріккен
сөз, қысқарған сөз,
тіркескен сөз
2. қосымша
жалғау: көптік, септік, жіктік,
тәуелдік жұрнақ: сөз тудырушы,
сөз түрлендіруші
3. сөз табы: 9 түрі бар
зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, үстеу, шылау,
еліктеу сөз, одағай

синтаксис — сөз тіркесі
—  жай сөйлес
—  құрмалас сөйлем
—  сөйлем мүшелері
—  пунктуация
—  стилистика

лексика
1. жалпы қолданыстағы сөздер
2. қолдану аясы шектеулі
сөздер:
— кәсіби сөз
— диалект сөз
— термин сөз
— кірме сөз
— көнерген сөз
— неологизм
— табу сөз
— нақыл сөз
— тұрақты тіркес
3. сөз мағыналары:
—      тура мағына
—      ауыспалы мағына
—      көп мағыналы сөз
—      синоним
—      омоним
—      антоним

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *