Лексика бойынша тест № 2

Лексика бойынша тест № 2
1. «Үріп ауызға салғандай» —
Ә) егде адам А) сұлу адам Б) қария В) жаман адам Г) ғарт
2. «Жүрегі алып ұшу» —
Ә) таң қалу А) сүйсіну Б) өте қатты қуану В) жүгіру Г) сезу
3. «Төбесі көкке жету» —
Ә) қатты қуану А) таң қалу Б) жүгіру В) сүйсіну Г) өкпелеу
4. «………… қара қазандай» —
Ә) жүрегі А) өкпесі Б) бауыры В) бүйрегі Г) қолқасы
5. «Бала адамның …………. еті» —
Ә) жүрек А) бүйрек Б) өкпе В) бауыр Г) қарын
6. «Аспан айналып жерге түскендей» —
Ә) өте суық А) өте ыстық Б) жылы В) салқын Г) жауын
7. Мағыналары қарама-қарсы сөздер –
Ә) синонимдер А) омонимдер Б) антонимдер В) фразеологизмдер Г) сингармонизм
8. Бір мағынаны беретін жазылуы әр түрлі сөздер –
Ә) синонимдер А) омонимдер Б) антонимдер В) фразеологизмдер Г) сингармонизм
9. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер –
Ә) синонимдер А) омонимдер Б) антонимдер В) фразеологизмдер Г) сингармонизм
10. « ……….. аузына шөп салмас» —
Ә) қой А) ешкі Б) түйе В) жылқы Г) бота
11. «Жаман» сөзінің антонимі –
Ә) қызық А) көп Б) жақсы В) нашар Г) арзан
12. «Жаман» сөзінің синонимі –
Ә) нашар А) жақсы Б) биік В) аласа Г) төмен
13. «Білімді» сөзінің синонимі –
Ә) білімсіз А) білім Б) білікті В) білемін Г) білмеу
14. «Керек» сөзінің синонимі –
Ә) қажет А) керексіз Б) қажетсіз В) керек емес Г) керме
15. «Кездесу» сөзінің синонимі –
Ә) ойласу А) жүздесу Б) келісу В) қосу Г) араласу
16. «Бастау – аяқтау» сөздері –
Ә)омонимдер А)антонимдер Б)синонимдер В)омофондар Г)етістіктер
17. «Жоғары – төмен» сөздері –
Ә)омонимдер А)антонимдер Б)синонимдер В)омофондар Г)етістіктер
18. «Бет, жүз, келбет» сөздері –
Ә) омонимдер А)антонимдер Б)синонимдер В)омофондар Г)етістіктер
19. «Ит ………… жер» —
Ә) тірілген А) тамақтанған Б) келген В) өлген Г) суарған
20. «Бала тілі ……..» —
Ә) су А) сүт Б) айран В) қымыз Г) бал

21.« Дос» сөзінің антонимі –
Ә) үлкен А) жолдас Б) көрші В) туыс Г) жау
22. «Мұғалім» сөзінің синонимі –
Ә)ұстаз, оқытушы А)оқушы, шәкірт Б)адам, кісі В)оқушы, оқытушы Г)әдіскер, кәсіпкер
23. «Кәрі – қарт» сөздері ………….. жатады
Ә)морфемаға А)дыбысқа Б)сөйлемге В)синонимдерге Г)антонимдерге
24. Мақалды табыңыз
Ә) «Білімді адамдар көп»
А) «Ол білімді адам» Б) «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» В) «Менің Отаным – Қазақстан»
Г) «Ол жақсы оқиды»
25. Мақалды толықтырыңыз
«Отан …………….. басталады».
Ә) үйден А) мектептен Б) отбасынан В) көшеден Г) шекарадан

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *