МАТЕМАТИКАДАН БАЛЛЫҢДЫ ЖОҒЫРЫЛАТУДЫҢ РЕТТЕЛГЕН АЛГОРИТМІ

Сені оның оңайлығы көңіліңді аудартпасын. Ол математикадан нағыз прогресске қол жеткізуіңе анық көмектеседі.

1) Дәл қазір математикадан 5 тест шеш. Еш жерден қарама. Сенің бастапқы А нүктеңді анықтау үшін барынша айқын, әділ баға керек.

2) Нәтижелеріңді сараптап көр. Қиындық туғызған тақырыптарыңды анықта. Оларды тізіп жаз.

3) Дайындық жоспарын жаса. Тақырыптарды ең жеңілінен ең қиынына дейінгі реттілікпен орналастыр.

4) Және ең бастысы. ӘРЕКЕТТЕН! Бар күш-жігеріңмен, ынтамен дайындал. Мейлінше көбірек есеп шығар. Түсініксіз тақырыптар саған тура чекпоинт сияқты болсын. Бұл үрдіске тақырыптарды бірінен соң бірін жауып отыратын компьютерлік ойын секілді қара.

5) Бір апта қарқынды дайындалғаннан кейін, қайтадан тест шешіп, прогресске көз жеткіз. Егер өткен тақырыптардағы есептерді шығара алсаң – тамаша. Егер олай болмаса, жұмысты тағы бір жүргізіп, жіберген қателіктеріңді енді болдырмауға тырыс. Дайындық жоспарыңды өңдеп, әрі қарай еңбектенуді жалғастыр.

6) Барлық тақырыпты бітіргенше 4,5 пунктерді қайтала.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *