нәтижелері ТКТ

Қайырлы күн, достар!
2015 жылғы ТК өткізу қорытындылары туралы ақпаратпен таныс болыңыздар!

Кешенді тестілеуді өткізу ережелеріне сәйкес республика бойынша кешенді тестілеу 18 және 23 шілде аралығында өткізілді.
Тестілеу республиканың 40 жоғары оқу орындарының базасында өткізілді.
Тестілеуге қатысуға өтініш берген 81295 талапкердің 78248-і тестілеуге қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 54783, орыс тілінде – 23465 талапкер.
Тестілеу нәтижесі бойынша 46164 талапкер өту деңгейі – 50 балдан аса алмаған, соның ішінде 30379 қазақ тілінде және 15785 орыс тілінде оқитындар.
15 талапкер ең жоғары 100 балды жинаған.
Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық КТ-ге қатысушыларға пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *