Сабақтас құрмалас сөйлем (Сложноподчиненное предложение)

Сабақтас құрмалас сөйлем (Сложноподчиненное предложение)

1. Шартты бағыныңқы СбҚС (СПП условия)
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің шарты болып келеді.(Подчинительная часть содержит указание на условие, от которого зависит осуществление действия в главной части) Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? не етпей? қайтпей? қайтпейінше? не етпейінше? т.б.
Шартты бағыныңқының жұрнақтары (суффиксы придаточного условия) : са, се, май, мей, пай, пей, бай, бей, майынша, мейінше, пайынша, пейінше, байынша, бейінше ғанда, генде, қанда, кенде.

Мысалы: Жауын жауса, үйде отырамын. Мен саған айтпасам да, сен білесің. Бірлік болмай, тірлік болмас. Жабай шығып кетпегенде, ол жігіттерді тоқтатар еді. Сабақ оқымай, бес алмайсың. Мұғалімге бармайынша, бұл тақырыпты түсінбейсің.

2. Қарсылықты бағыныңқы СбҚС (СПП противительные)
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді.
(Главное и подчинительное предложения противопоставлены
друг другу)

Сұрақтары: қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? не етпестен? не істесе де? не етпейінше? т.б.
Жұрнақтары мен шылаулары (суффиксы и частицы): са да, се де, ғанмен, генмен, қанмен, кенмен, а-е-й + тұра, тұрып,ғанына- геніне-қанына-кеніне+қарамай, қарамастан, ғаны-гені-қаны-кені + болмаса, ғанша, генше, қанша, кенше Мысалы: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан маған назар аудармады. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. Марат кешірім сұрағанын біле тұра, ол райынан қайтпады. Ахмет аяғы үсігеніне қарамастан, күндіз-түні еңбектеді. Қыстың келгені болмаса, қар жаумады. Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.
3. Себеп бағыныңқы СбҚС (СПП причины)
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.
(Придаточная часть объясняет причину или указывает обоснование действия, о котором говорится в главной части) Сұрақтары: неліктен? не үшін? несі үшін? не себепті? не себептен? не деп? неге?
Баяндауыш тұлғалары (формы сказуемых):
ғандықтан, гендіктен, қандықтан, кендіктен, ып, іп, п, а, е, й, ғаны-гені-қаны-кені +үшін,ма-ме-па-пе-ба-бе +й, 3 шақтағы етістік +деп, ған-ген-қан-кен +соң

Мысалы: Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық, Құнанбай жайлауға көшкен соң, қалғандары да жинала бастады. Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық. Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетті.

4. Мезгіл бағыныңқы СбҚС (СПП времени)
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.
(Придаточное предложение уточняет время протекания
действия главного предложения)
Сұрақтары: қашан? қай кезде? қашаннан бері? қашанға дейін?
Баяндауыш тұлғалары (формы сказуемых):ғанда, генде, қанда, кенде ; ғанға-генге-қанға-кенге + дейін, шейін,ғаннан-геннен-қаннан-кеннен + кейін, соң ; ған-ген-қан-кен +сайын;
ған-ген-қан-кен + кезде, сәтте, уақытта ; ғанша,генше, қанша, кенше; ғалы,гелі, қалы, келі; ма-ме-па-пе-ба-бе +с +бұрын; ысымен,ісімен, сымен, сімен; арда, ерде, рда; са-се+жіктік жалғауы.

Мысалы: Екеуі кешке үйден шыққанда, қонақтар әлі тарамаған екен. Күн ұясына төніп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездесті. Жұрт келгелі, Қасым бұл үйіне қоған емес. Елкін түс ауа шеберханаға келсе, Жақып жігіттерімен жоқ. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтан қар да түсе бастады. Мен айтқанға дейін, ол жазып қойыпты. Марат бармас бұрын, құжаттарын реттеді.

5. Қимыл-сын бағыныңқы СбҚС немесе «Амал бағыныңқы» (СПП образа действия)
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың қалай
орындалғанын білдіреді. (Придаточное предложение раскрывает способ, характер действия, происходящего в главном предложении)
Сұрақтары: қайтіп? не етіп? қалай?
Баяндауыш тұлғалары  (формы сказуемых):
а, е, й, ып, іп, п; мастан, местен, пастан, пестен, бастан, бестен; ған-ген-қан-кен + күйі, қалпы, бойы; дай, дей, тай, тей; ғандай-гендей-қандай-кенде + болып;

Мысалы: Екі қолы дірілдеп, Оспан үйге кірді. Оспан маған айтпастан, үйден шығып кетті. Әні әлемді шарлап, өз халқының даңқын жайып, Роза өз еліне оралды. Қалжыны, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді. Дәурен қорғанатын күші жоқтай, тек тығыла берді. Олар қос атпен тартқандай болып, төбеге қарай бет алды.

6. Мақсат бағыныңқы СбҚС (СПП цели)
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.
(Подчинительное предложение раскрывает цель, назначение
действия, совершаемого в главном предложении)

Сұрақтары: не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып?
Баяндауыш тұлғалары (формы сказуемых):
мақшы-мекші-пақшы-пекші-бақшы-бекші + болып , у + үшін;
шартты, қалау, бұйрық рай + деп;қалау рай қы-кі-ғы-гі +тәуелдік жалғау + келіп ;

Мысалы: Марат оқымақшы болып, қалаға кетті. Ол білім алу үшін, біраз қалаларды аралады. Аттың дүбірі естілмесін деп, біз ауылдың шетіне қарай бұрылдық. Оның оқығысы келіп, ел аралап кетті.

Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
(ССП с несколькими подчинительными связями)
Құрамында екі не одан көп бағыныңқы сыңары бар сабақтас құрмалас сөйлемді көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды. Олар байланысу сипатына қарай екіге бөлінеді.
(Сложноподчиненные предложения, имеющие в составе два или более подчиненных компонентов, называются сложными предложениями с несколькими подчинительными связями. По способу связи они делятся на два вида)
1. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас (СПП с паралельными связями) Құрамындағы бағыныңқы сыңарлардың әрқайсысы басыңқы сыңармен тікелей байланыса алады. Жарыс-  палы көп бағыныңқы сабақтас екіге бөлінеді : бірыңғай жарыспалы және әр алуан жарыспалы.
а) бірыңғай жарыспалыда барлық бағыныңқылары бір сұраққа жауап беріп, бірыңғай мазмұнды  білдіреді.
б) әр алуан жарыспалыда бағынынқылары әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, әр түрлі мазмұнды білдіреді  ( В СПП с паралельными связями все подчиненные компоненты могут связываться с главным  компонентом независимо друг от друга.Такие СПП делятся на два вида: однородные подчинительные  и несвязанные подчинительные.
а) однородные подчинительные отвечают на общий вопрос и имеют общее значение.
б) несвязанные подчинительные отвечают на разные вопросы и имеют разные значения)
Мысалы: Жел ызғары сынып /не қып?/, ауа да буалдыр тартып /не қып?/, болмашы дым леп бетке  ақырын тиеді.  Мысалы: Бұл сөздер көңіліне жаққандықтан /неліктен?/ , кітап сөзіндей етіп, Нұрлан есіне сақтапты.
2. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас (СПП с последовательными связями)
Құрамындағы бағыныңқы сыңырлардың бірімен-бірінің бағыныңқы-басыңқы болып, тізбектеліп, басыңқы  сыңармен байланысады. Бағыныңқы сыңарлар басыңқы сыңармен тікелей байланыса алмайды. Басыңқы  компонентпен тек соңғы бағыныңқы компонент байланысқа түседі. (В СПП с последовательными связями все подчиненные компоненты связываются друг с другом  последовательно. С главным компонентом связывается только последний подчиненный компонент.
Другие подчиненные компоненты не могут напрямую вступать в связь с главным компонентом)
Мысалы: Назым кітабын оқып болып, сағатына қараса, мектепке баратын уақыты болып қалған екен

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *