Шылау сөздер (служебные слова)

Шылау сөздер (служебные слова)
Лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды. Атқару қызметіне байланысты шылаулар үш топқа бөлінеді:
1. септеуліктер 2. жалғаулықтар 3. демеуліктер
(Не имеют самостоятельного лексического значения, но сочетаясь с частями речи, дополняют и уточняют их значение, обеспечивают связь слов, словосочетаний и предложений друг с другом.
Служебные слова не могут быть самостоятельным членом предложения.
В зависимости от функции они делятся на три группы: 1. послелоги 2. союзы 3. частицы)
1. Септеулік шылау – белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады. Септеуліктер 4 топқа бөлінеді.
(Послелоги применяются только со словом, находящимся в определенном паждеже. Связывают   слова подчинительной связью. Послелоги выражают временные, целевые, причинные значения слов  и находятся после слова.Могут сочетаться с именами существительным, прилагательным,  числительным, местоимением и некоторыми фрмами глагола).

Послелоги представлены 4 группами:
1. Атау септік
(именительный падеж)
кім? не? үшін, сайын, сияқты, тәрізді, секілді, сықылды, сынды, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, арқылы, бойы, бойынша, шамалы, шақты, қаралы, ғұрлы, ғұрлым, құрлым, түгіл т.б.
Мысалы: Отан үшін отқа түскендер. Әкем туралы аңыз.

2. Барыс септік
(дательный падеж)
кімге? неге? қайда? шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, сәйкес, қарсы т.б.
Мысалы:онға дейін, үйге қарай, кешке таман, соған сәйкес

3. Шығыс септік
(исходный падеж)
кімнен? неден? қайдан?
қалай? гөрі, соң, кейін, басқа, астам, артық, бетер, бөлек, өзге, бері, әрі, бұрын, аса, былай, бөтен, ілгері, тыс, шет, бастап
Мысалы: сабақтан соң, үйден бөлек, бестен кейін, менен басқа,  баладан бетер, бұдан әрі т.б.

4. Көмектес септік
(творительный падеж)
кіммен? немен? қалай? қатар, қабат, бірге, қоса
Мысалы: сенімен қатар, бізбен бірге, оқулықпен қоса т.б.

1.Жалғаулық шылау – сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады. Атқаратын қызметіне байланысты жалғаулық шылаулар келесі топтарға бөлінеді: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдарлық, шарттық, ұштастырғыш.
(Союзы служат для связи слов, словосочетаний, частей сложного предложения, а также  предложений друг с другом. В зависимости от функций союзы делятся на следующие виды:
соединительные, разьяснительно-разделительные, противительные, причинно-следственные, условные, смыкающие)

1. Жалғаулық шылау – сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады. Атқаратын қызметіне байланысты жалғаулық шылаулар келесі топтарға бөлінеді: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдарлық, шарттық, ұштастырғыш.
(Союзы служат для связи слов, словосочетаний, частей сложного предложения, а также  предложений друг с другом. В зависимости от функций союзы делятся на следующие виды:
соединительные, разьяснительно-разделительные, противительные, причинно-следственные, условные, смыкающие)

1. Ыңғайластық жалғаулықтар
(соединительные союзы)

-және-әрі-мен-пен-бен-менен-пенен-  бенен-да-де-та-те-тағы- т.б.
/-и-/ Бірыңғай мүшелерді және салалас сөйлемдерді байланыстырады.
(Связывают однородные члены предложения и однородные предложения)
Мысалы: Өз сүйгенім үшін мен отқа да,  суға да ойланбай түсемін.

2. Талғаулықты жалғаулықтар
(разъяснительно-разделительные союзы)

-не-немесе-я-яки-әлде-бірде-құй-не /я/ болмаса-біресе-мейлі-кейде-т.б.  /-или -то-то — ли- иногда и т.д./ Сөйлемдегі сөздерді бірыңғай мүше ретінде байланыстырады. (Соединяют в качестве однородных членов предложения слова, находящиеся в отношениях исключения, перечисления, чередования)
Мысалы: Бұл істі я мен бітіремін, я сен  бітіресің.

3. Қарсылықты жалғаулықтар
(противительные союзы)

-бірақ-бірақ та-алайда-дегенмен- әйтпесе-әйткенмен-сонда-ал-сонда да-сөйтсе де-әйтсе де- өйтсе де -онда да — болмаса-әйтпегенде- т.б. /-но-все таки и т.д. / Қарсылықты қатынас мағынасы ретінде сөздерді, сөйлемдерді байланыстырады. (Соединяют слова, части предложения, отдельные предложения, выражая значение противопоставления, ограничения или результаты действия)
Мысалы: Ділдә сезді, бірақ ол түк  өкінген жоқ. (М.Ә.)

4. Себеп-салдарлық жалғаулықтар
(причинно-следственные союзы)
-өйткені-себебі-сол себепті—сондықтан — — неге десең- сол үшін- т.б. /-потому что-по причине-так как/

5. Шарттық жалғаулықтар
(условные союзы)

-егер-егер де- алда-жалда-әйтпесе- -онда-
т.б.
/- если-/Негізгі сөйлемде белгіленген іс-әрекеттің орындалу шартын айқындап, сөйлемдерді байланыстырады.
(Присоединяют предложения, в которых раскрываются условия, при которых может осуществляться действие, обозначенное в основном предложении)
Мысалы:Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.

6. Ұштастырғыш жалғаулықтар  (смыкающие союзы)
-ал-ендеше-демек-яғни- /-значит-то есть-тогда-/
Жеке сөйлемдерді, абзацтарды байланыстыру үшін қолданылады. (Используются для связи отдельных предложений, абзацев)
Мысалы: Демек, жазбайсың?!

Ескерту: -ал- жалғаулығы қарсылықты мағынада да қолданылады.
(союз –ал- также имеет значение противительности).
Мысалы: Аспанға дейін түтінге қақалып, қарауытып тұр, ал қыз – аппақ , өң бойында қылау жоқ.

3. Демеулік шылау — өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.  Демеулік шылаулары мағыналарына байланысты 6-ға бөлінеді: сұраулық , күшейткіш, нақтылық,  шектік, болымсыздық, болжалдық шылаулар.
(Частицы – не изменяются, придают словам или предложениям различные значения. В зависимости  от значения частицы делятся на 6 видов: вопросительные, усилительные, уточняющие,  ограничивающие, отрицающие, со значением приблизительности)
1. Сұраулық демеуліктер
(вопросительные частицы)
-ма-ме-ба-бе-па-пе-ше-мы -мі Сұраулық сөйлемдерде қолданылады. Сұраулық реңкін күшейтеді. (Используются в вопросительных предложениях. Им сопутствует вопросительная интонация) Мысалы: Сен бе? Марат ше? Бар ма?
2. Күшейткіш демеуліктер (усилительные частицы)
-ау-ақ-да-де-та-те-ай-әсіресе- Сөйлемдегі күшейткіш мәнді білдіреді. –ау-ақ-ай демеуліктер дефис арқылы жазылады.(Используются для усиления различных эмоциональных оттенков в предложении. Три частицы пишутся через дефис)
Мысалы: Ой, айналайын-ау! Құрғыр-ай, жағаласпа!
3. Нақтылық демеуліктер (уточняющие частицы)
-ғой-қой-ды-ді-ты-ті- Айтылған ойдың нақтылығын дәлелдеу үшін қолданылады. (Используются для подтверждения истинности того, о чем говорится)
Мысалы: Апасының баласы –жақсы бала екен ғой.
4. Шектік демеуліктер ( ограничивающие частицы )
-ғана-қана-ақ-тек- Бір іс-әрекет, сапа, қасиет тек бір сөзді ғана айқындайтынын білдіреді.(Указывают, что данное качество, свойство, действие присуще только определенному слову) Мысалы: Ол кеше ғана келді.
5. Болымсыздық демеуліктер (отрицающие частицы)
-түгіл-тұрсын-тұрмақ- Нақты болымсыздық реңкін білдіреді.
(Выражает подчеркнутое отрицание)
Мысалы: Сен түгіл мен де келдім.
6. Болжалдық демеуліктер (частицы значения
приблизительности)
-мыс-міс-ау-екеш-ды-ді-ті-ті- Болжалды демеуліктер дефис арқылы жазылады. Болжау, күдік мағыналарды білдіреді. (Пишутся через дефис. Передают значение приблизительности, сомнения и т.д.) Мысалы: Ертең ол кетпек-міс.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *