Сөйлем (Предложение) Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері (Типы предложений по цели высказывания)

СӨЙЛЕМ (Предложение)
Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері
(Типы предложений по цели высказывания)
1. Хабарлы сөйлем (Повествовательные предложение) – хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында
айтылады. Сөйлем соңында нүкте қойылады.(Целью повествовательного предложения является сообщение о событиях или явлениях действительности. Показатель – интонация повествования, в конце предложения ставится точка). Мысалы: Бүгін мен ерте ояндым. Білім –биліктің басында.
2. Сұраулы сөйлем (Вопросительные предложения) – бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады.Ерекшелігі – сұрақ интонациясы, сұраулы есімдіктер, сұраулы демеуліктер, кейбір модаль сөздер.Сөйлем соңына сұрау (?) белгісі қойылады. (Целью вопросительного предложения является стремление узнать что-либо от собеседника, получить информацию. Показатель – вопросительная интонация, вопросительные местоимения, вопросительные частицы, некоторые модальные слова. В конце предложения ставится вопросительный знак).
Жасалу жолдары: 1. сұрау есімдіктері арқылы – кім? не? қанша? қандай? т.б.
2. сұраулық шылаулар арқылы – ма-ме-ба-бе-па-пе-ше – т.б.
3. оқшау, көмекші сөздер арқылы — ә, иә, сірә, қайтеді, шығар т.б.
Мысалы: Сен бүгін келесің бе? Ол кеше барды ғой ә? Оған өлең ұнады білем, сірә?
3. Бұйрықты сөйлем (Побудительные предложения) – бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылады. Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады.(Целью побудительных предложений является выражение волеизъявления, побуждение к действию –приказ, просьба, призыв, совет, запрет, внушение…
Показатель – повышенный тон и напряженность интонации, сказуемое в форме 2 лица, сказуемое в форме повелительного наклонения с аффиксами –шы-ші – для выражения просьбы, пожелания, извинения, сказуемое в форме желательного наклонения для выражения призыва, клича, наличие обращения. В конце предложения ставится восклицательный знак).
Жасалу жолдары: 1. баяндауышы 2 жақтағы бұйрық рай арқылы.
2. баяндауышта –шы-ші- жұрнақтары байқалады.
3. баяндауышы қалау рай арқылы.
Мысалы: Тыныш отыр! Сен айтпа! Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Жіберіңдер, түсіріңдер!
4. Лепті сөйлем (Восклицательные предложения) – сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылады. Сөйлем соңында нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі қойылады. (Восклицательные предложения имеют эмоциональную окраску. Показатель – более высокий тон интонации, наличие междометий, наличие усилительных частиц, наличие слов, использующихся в роли усилительных частиц, не имеет специальных знаков препинания, преимущественно используется восклицательный знак).
Жасалу жолдары: 1. одағай сөздері арқылы – қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.
2. күшейткіш мәнді сөздер арқылы – не деген, не еткен, қандай, шіркін,ғажап, қалай
3. демеулік шылаулар арқылы – ау – ақ – ай т.б.
4. интонация арқылы.
Мысалы: Қап, мынау жығылды-ау! Пай-пай, қалай шырқайды! Ә, сені ме, бәлем!

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *