Сөз таптары (Части речи)

СӨЗ ТАПТАРЫ (Части речи)
Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру үшін үш түрлі принципті басшылыққа аламыз.
Олар: мағыналық, грамматикалық (морфологиялық), синтаксистік принциптері және сөйлемде атқаратын қызметі. (В казахском языке части речи группируются на основе трех принципов.
Это: лексический принцип, грамматический (морфологический) принцип, синтаксический принцип
и функциональная роль в предложении).
Тілдегі сөздер үш топқа бөлінеді (Все слова в языке подразделяются на три группы)
1.Атауыш сөздер – лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар, түрлі қосымшаларды қосып алып, сөйлемде сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алатын сөздер. Атауыш сөздер: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу жатады.
(Именные слова – имеют и лексические и грамматические значения, могут присоединять к себе разные аффиксы и выполнять роль членов предложений).
2. Көмекші сөздер — өздеріне тән лексикалық мағыналары анық емес, сондықтан атауыш сөздермен селбесіп барып жұмсалатын сөздер. Көмекші сөздер: шылау сөздері, жеке сөз табы ретінде жұмсалмайтын көмекші есім, көмекші етістік.
(Вспомогательные слова – слова, у которых неопределенные лексические значения. Поэтому они применяются во взаимодействии с именными словами.Сами не могут выступать частями речи.
Это — вспомогательные слова и вспомогательные глаголы).
3. Одағай сөздер – ешқандай белгілі ұғымды білдіре алмайтын, сөйлемде ешқандай сөйлем мүшесі қызметін атқармайтын, тек адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін ғана білдіретін сөздер.
(Междометие – не имеет никакого лексического понятия, не может являться членом предложения, определяет только эмоциональное состояние человека).

Қазақ тілінде 9 сөз табы бар (В казахском языке есть 9 частей речи)

Зат есім

Сын есім

Сан  есім

Есімдік

Етістіктер

Үстеу
Еліктеуіш  сөздер

Көмекші  сөздер

Шылау

Одағай  сөздер

Одағай

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *