Сөз тіркестері бойынша тест сұрақтары № 2

Сөз тіркестері бойынша тест сұрақтары № 2
1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Суыққа шыдамады. В) Белгілі кісі. С) Жақсы оқиды.
Д) Түрлі бұйымдар. Е) Қиын есеп.
2. Қайсысы сөз тіркесіне қатысты емес?
А) басыңқы сөз В) бағыныңқы сөз С) есімді тіркес
Д) қосарлы айқындауыш Е) етістікті тіркес
3. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Дарқан дала. В) Ғұмырнама. С) Мұзға отырғызып кету.
Д) Кедей – кепшік. Е) Самал жел.
4. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Абысын-ажын. В) Жастық шақтың қызығы. С) Тайға таңба басқандай
Д) Бес саусақ. Е) Жасыл желек.
5. Сөз тіркесін табыңыз.
А) Ашу-ыза. В) Ақ-қара. С) Тиын-тебен. Д) Әдемі қыз. Е) Жолдас-жора.
6. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
А) Жүрек жұтқан. В) Жүрегінің түгі бар. С) Жүрегі тас төбесіне шығу.
Д) Жүрегі дүрсілдеу. Е) Тас жүрек.
7. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
А) қаһарынан қар жауып. В) Сағы сыну. С) Марат- қоян жүрек..
Д) Қас қаққанша. Е) Қоян жүрек..
8. Сөз тіркесі болу үшін керекті объектіні белгілеңіз.
А) сөйлем В) сөз С) дыбыс Д) буын Е) сөйлем мүшесі
9. Бірыңғай есім сөз тіркестерін табыңыз.
А) үлкен үй, үйді көру. В) жолдасын шақыру, менің үйім. С) сабаққа дайындалу, жаттап алу.
Д) сыйлық алу, үздік оқушы. Е) мөлдір су, оқуға ынталы.
10. Есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Олимпиадаға қатысу. В) Жарыста озу. С) Жарыстың жеңімпазы.
Д) сабақты түсіндіру. Е) Журналға жазу.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *