Сөз тіркестері бойынша тест сұрақтары № 1

Сөз тіркестері бойынша тест сұрақтары № 1
1. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз
А) Бұлардың жағдайлары. В) Балуанмен күресті. С) Ғалымға қараңыз..
Д) Ғалымнан басқа. Е) Тез сөйледі.
2. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз
А) Қаңтарда күн суытты. В) Қар қалың түсті. С) Қатты аяз болды.
Д) Қалың қардан әрен келеді. Е) Боран да, жел де тоқтамады.
3. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз
А) Пайда ойлама – ар ойла. В) Үйден шықты. С) Тағы да келді.
Д) Түс ауа қозғалды. Е) Бәрі тыныш аяқталды.
4. Қай қатарда тұрақты тіркес бағыныңқы сыңарда тұр?
А) Айтқаның есімнен шығып кетті. В) Дұшпанның салы суға кетті. С) Науқастың беті бері қарады.
Д) Көзіне көк шыбын үймелететінін айтып салды. Е) Бізге тісін қайрап жүр.
5. Етістікті тіркесті табыңыз
«Жақсының ашуы шай орамал кепкенше,
Жаманның ашуы басы жерге жеткенше»
А) Жақсының ашуы. В) Басы жеткенше. С) Жаманның ашуы.
Д) Жаманның басы. Е) Шай орамал.
6. Сөз тіркесінің белгісі қайсы?
А) Зат, құбылыстың атауы болуы керек.
В) Толық мағыналы ең кемі 2 сөз болуы керек.
С) Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.
Д) Сөз мағынасын басқа сөзбен түсіндіреді.
Е) Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.
7. Сөз тіркесін анықтаңыз
А) ақ басты. В) алып денелі. С) қырық тоғыз. Д) жәрдем ету. Е) селк етті.
8. Басыңқы сөзі сын есімнен құралған тіркесті табыңыз
А) көгілдір көл В) аппақ қар С) орамалға орау Д) елге танылған Е) оқуға зерек.
9. Қайсысы сөз тіркесі емес?
А) Күзге дейін келеді. В) Ойын үшін айтады. С) Жалт етті.
Д) Бізге көз салды. Е) Күннен-күнге жаңаруда.
10. Бір сыңары болжалдық сан есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.
А) Қартайған сайын түсінбек. В) Отыздай кітап. С) Шамдарды сөндірдік.
Д) Бірінші сөз. Е) Бала өсіп келеді.

5 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *