Төл сөз бен төлеу сөз (прямая и косвенная речь)

Төл сөз бен төлеу сөз (прямая и косвенная речь)
Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз.
Төлеу сөз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз. Төл сөзді төлеу сөзге және керісінше төлеу сөзді төл сөзге айналдыруға болады.
Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатындығын, қандай жағдайда айтылғандығын айқындап тұрады. Төл сөзі мен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын көмекші етістік арқылы байланысады: де- деді- деп- дейді- деген- дегендей.
(Прямая речь – слова, переданные автором без изменений. Косвенная речь – слова автора , переданные
с изменениями, но сохранившие общее содержание сказанного. И прямая речь и косвенная речь могут превращаться друг в друга. Слова автора – слова, передающие и прямую речь и косвенную речь.
Слова автора уточняют кто, кому, в каких ситуациях сказал что-то. Прямая речь и слова автора в составе слов автора в основном связываются при помощи вспомогательных глаголов де-деді-деп-дейді-деген и др)

1. Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.  (прямая речь находится перед   словами автора) «Төл сөз»,-автор сөзі.
Мысалы: « Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой», — деп Жамал даусын солғындау шығарды.
— Төл сөз, — автор сөзі.
Мысалы: — Осы пәтер сенікі ме?-деп сұрады Венера.

2. Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. (прямая речь находится после слов  автора)
Автор сөзі: «Төл сөз».
Мысалы: Жиренше сөз таба алмай ұялып қалды: « Ұят болды. Өзім де өкіндім».
Автор сөзі: — Төл сөз.
Мысалы: Марат былай деп жауап берді: -Кешіккендер сыбағадан құр қалады.

3. Төл сөз автор сөзінің ортасында   келеді. (прямая речь находится в середине  слов автора) Автор сөзі: «Төл сөз», — автор сөзі.
Мысалы: Оспан келді де: « Әсет, шырағым, сені әкең шақырып жатыр», — деді.
Автор сөзі: — Төл сөз, — автор сөзі.
Мысалы: Директор: — Мұны қалай түсінуге болады?- деп сұрады.

4. Автор сөзі төл сөздің ортасына   орналасады. (слова автора находятся в середине  прямой речи) «Төл сөз, — автор сөзі, — төл сөз».
Мысалы: «Менің оқулығым емес, — деді Маржан, — сіңлім ұмытып кеткен болар».
— Төл сөз, — автор сөзі, — төл сөз.
Мысалы: — Ол, — деді Болат, — сенің сіңлің бе?
сөз төлеу сөзге айналу жолдары (пути превращения прямой речи в косвенную речь)
1. Төл сөздегі бастауыш төлеу сөзге айналғанда,  анықтауыш немесе басқа тұрлаусыз мүше болады. (если подлежащее в прямой речи превращается в  косвенную, то оно будет являться определением или  другим членом предложения) Мысалы: «Биік мансап – биік жартас», -деді
Абай. = Абай биік мансаптың биік
жартас екенін айтады.
2. Төл сөздің автор сөзімен байланысуы үшін төлеу
сөзде –айтты-айтады-хабарлады-бұйырды-өтінді т.б.  етістіктерді талап етеді.(при связи прямой речи  с авторской, косвенная речь требует данные глаг) Мысалы: Ол менен: -Сен қайда барасың? – деп  сұрады.= Ол менен қайда  баратынымды сұрады.
3. Төл сөздің құрамындағы баяндауыш сөз немесе сөз  тобы төлеу сөзге айналғанда, толықтауыш,  бастауыш немесе сөйлемнің басқа мүшесіне  айналып кетеді.(при превращении сказуемого или  группы слов прямой речи в косвенную, они принимают  форму дополнения или других членов предложения). Мысалы: «Жұмысқа кешікпей келіңдер»,- деді  бастық. = Бастық біздің жұмысқа  кешікпей келуімізді ескертті.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *