ҰБТ тарихы: Қапезова Айгерім

Салем, Достар! Бүгінгі танымдық айдарымызда 2014 жылы ҰБТ тапсырған түлегіміз өз жетістіктерімен бөліседі.
Менің аты-жөнім Қапезова Айгерім, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының 16 орта мектебінің 2014 жыл түлегімін. 11 жыл үздік бағаға оқып, «Алтын Белгіге» үміткер болдым. Жалпы, мен ҰБТ-ға 11 сыныпта 1 жыл көлемінде толық дайындалдым. Мектепте берілетін білімнен басқа қосымша сабақтарға, білім беру орталықтарында да дайындалдым. ҰБТ- дан жақсы балл ала алмай қаламын ба деген сұрақтар мені моральдық-псиxологиялық тұрғыдан қатты алаңдатты. Жыл көлемінде ағылшын, биология пәндерін таңдап жүріп, емтиxанға 1 ай қалған кезде география пәнін тапсыруға бел будым. Географияны аз уақытта меңгеріп алу маған қиынға соқпады, бірақ дәл сол география пәнінен 1 балл жетпей қалып, 107 баллмен «Алтын белгімді» ақтай алмай қалдым. Еш өкінбедім, бұл да бір өмірдің сынағы деп түсінемін. Жылдан-жылға ҰБТ-ны тапсыру қиындап барады және оған бір-ақ жыл дайындық жеткіліксіз екендігіне көзім жетті. ҰБТ-ға 9-шы сыныптан бастап дайындалу керек және де тек қана мектеп кітаптарымен дайындалу керек. Себебі тесттегі сұрақтар мектеп кітаптарындағы мәліметтерден келеді. Математикаға өте көп уақыт дайындалу керек және де адамның санасына тез жатталатын әдістерді қолдану арқылы, есептің қысқа шығарылу жолдарын іздестіру және оны практикада қолдану керек. Себебі кейбір математикадағы логикалық сұрақтар немесе тригонометрия есептері көп уақытты алады және бір есепке көп ойланып отыруға сенің уақытың жоқ. Әрбір минутты үнемдеу керек. Математикадан кейінгі күрделі сабақ ол -Тариx. Тариxта есте қалатын, белгілі, ұлы уақыттарды жатталады. Себебі белгілі уақыттар арқылы Сіз басқа да оқиғалардың тізбегін құрай аласыз. Және көп мәліметті жаттаудың керегі болмайды. Дегенімен, нормасынан тыс дайындалып та қажет емес, ойыңызды тек қана ҰБТ-мен ғана толтырмай басқа да істермен айналысыңыз. Мимен көп жұмыс жасаған жағдайда, сол уақытты спортпен алмастырып отырған абзал.
Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығында оқимын.
2016 жыл түлектеріне ҰБТ-дан жақсы өтуіне тілектеспін.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *