Зат есімге байланысты тест тапсырмалары № 3

Зат есімге байланысты тест тапсырмалары № 3
1. Негізгі зат есімді белгілеңіз.
А) күнделік В) көркем С) ұлық Д) қол Е) ұғу
2. Анықтауыштық қызметте жұмсалған зат есімді табыңыз.
А) Есімбектің үлкен үйі лық толған адам. В) Бекболат шаршап отыр. С) Қарашада аяз қысып кетті.
Д) Ботадай боздап көрісті. Е) Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен.
3. Берілген сөйлемде зат есімнің рең мәнін тудырып тұрған жұрнағын табыңыз.
«Абай өз әкесінің өзге болыссымақ атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді».
А) Абай В) әкесінің С) болыссымақ Д) мықты Е) өз
4. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнағын табыңыз.
А) –лық В) – ым С) – ғы Д) – шық Е) – к
5. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?
«Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым».
А) сын есім В) зат есім С) үстеу Д) етістік Е) еліктеу
6. Жалқы есімді көрсетіңіз.
А) сөйлем В) тәуелсіздік С) бұлбұл Д) ел Е) көкшіл
7. Деректі зат есімді анықтаңыз.
А) азап В) шабуыл С) дәулет Д) тас Е) ар-ұят
8. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.
А) алтыбақан В) жер С) даңқ Д) дария Е) жусан
9. Туынды зат есімді анықтаңыз.
А) он бес В) он С) адалдың Д) жұт Е) бірлік
10. Берілген сөйлем ішінен тура толықтауыш болып тұрған зат есімді табыңыз.
«Оның асы мен көңілі, өң-шырайы адамды дос етеді, тарта біледі».
А) асы мен көңілі В) өң-шырайы С) адамды Д) дос Е) оның

1 голос

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *