Tест на казахском ент 65-80 страниц

-aу, -еу жұрнағы арқылы жасалатын сан есімнің түрін көрсетіңіз.
А) Бөлшектік сан есім.
В) Болжалдық сан есім.
С) Есептік сан есім.
D) Топтау сан есім.
Е) Жинақтық сан есім.
Дұрыс жауап: Е

Болжалдық сан есімді жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
A) -лаған, -деген, -лап, -дай;
B) -ыншы, -інші, -ншы;
C) -нан, -тен, -дан;
D) -дан, -сі, -і;
E) -ның, -ы, -тан;
Дұрыс жауап: А

Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді анықтап тұрған сөзімен белгілеңіз.
Екі жылдың ішінде діни кітаптарды, қиссаларды өз бетімше жеңіл оқитын болдым (Ә.Тәжібаев).
A) Жылдың ішінде.
B) Екі жылдың ішінде.
C) Екі жылдың.
D) Екі жылдың ішінде оқитын болдым.
E) Екі жылдың ішінде жеңіл оқитын болдым.
Дұрыс жауап: С

Жинақтық сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
А) Баяндауыш.
В) Бастауыш.
С) Анықтауыш.
D) Пысықтауыш.
Е) Толықтауыш.
Дұрыс жауап: В

Сан есімнің септік тұлғасы мен сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
Қырық бесте көзілдіріксіз оқи алмайтын болдық.
А) Жатыс септік, пысықтауыш.
В) Барыс септік, толықтауыш.
С) Атау септік, бастауыш.
D) Ілік септік, анықтауыш.
Е) Табыс септік, толықтауыш.
Дұрыс жауап: А

Сөйлемнің күрделі мүшесі қызметіндегі сан есімді белгілеңіз.
Гектарынан 12 центнер бидай орылуда.
A) Гектарынан 12 центнер.
B) 12 центнер бидай.
C) Центнер бидай.
D) Центнер бидай орылуда.
E)  12 центнер
Дұрыс жауап: Е

Тәуелденіп келген есімдік түрін белгілеңіз.
А) Өз, бұған.
В) Осысы, мынауың.
С) Бұны, кіммін?
D) Өзіммен, қайсыбіреу.
Е) Кімде-кім, әркім.
Дұрыс жауап: В

Сөйлем ішіндегі есімдіктің түрін, тұлғасын анықтаңыз.
Әжем түтіндеткен самаурынның қасында отырып маған ғана сөйлейді.
A) Жіктеу есімдігі,барыс септігінде.
B) Сілтеу есімдігі,табыс септігінде.
C) Сұрау есімдігі, шығыс септігінде.
D) Белгісіздік есімдігі, атау септігінде.
E) Өздік есімдігі, ілік септігінде.
Дұрыс жауап: А

“Онда” есімдігінің емлесіндегі ерекшелікті табыңыз.
A) Жатыс септікте ол есімдігіндегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
B) Ілік септікте түбірдегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
C) Көмектес септікте түбірдегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
D) “Л, н” дыбыстары түсіп қалған түбірге -да жалғанады.
E) Табыс септік жалғауы жалғанғанда “л” дыбысы түсіп қалады.
Дұрыс жауап: А

Есімдікке -ы, -і дәнекері арқылы жалғанатын септікті анықтаңыз
А) Шығыс септік.
В) Көмектес септік.
С) Табыс септік.
D) Барыс септік.
Е) Ілік септік.
Дұрыс жауап: В

Сөйлем ішіндегі есімдіктің қызметін анықтаңыз.
Мені шешем жеті жасымнан бастап өзі оқытты.
A) Бастауыш.
B) Толықтауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Анықтауыш.
E) Баяндауыш.
Дұрыс жауап: В

Есімдіктің қай сөз табының орнында қолданылып тұрғанын анықтаңыз.
Анасы әлдеқашан ұйықтап қалған баласын оятқысы келмеді.
А) Үстеу.
В) Зат есім.
С) Сын есім.
D) Сұрау есімдігі.
Е) Есімше.
Дұрыс жауап: А

Түрленіп жұмсалған есімдік түрін анықтаңыз.
Осы біз кімбіз?
A) Сұрау есімдігі.
B) Сілтеу есімдігі.
C) Жіктеу есімдігі.
D) Сілтеу,жіктеу есімдіктері.
E) Белгісіздік есімдігі.
Дұрыс жауап: А

Баяндауышы зат есімнен болғанда бастауыш қызметіндегі сілтеу есімдігінен кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
А) Үтір.
В) Қос нүкте.
С) Сызықша.
D) Леп белгісі.
Е) Дефис.
Дұрыс жауап: С

Туынды етістікті белгілеңіз.
A) Оқып.
B) Шегеле.
C) Оқыса.
D) Барған.
E) Келетін.
Дұрыс жауап: В

Негізгі етістік пен көмекші етістіктен тұратын етістік түрін белгілеңіз.
А) Салт етістік.
В) Сабақты етістік.
С) Туынды етістік.
D) Күрделі етістік.
Е) Дара етістік.
Дұрыс жауап: D

Жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалатын етістік түрін белгілеңіз.
A) Сабақты етістік.
B) Болымды етістік.
C) Болымсыз етістік.
D) Салт етістік.
E) Туынды етістік.
Дұрыс жауап: С

Сабақты етістік талап ететін септікті көрсетіңіз.
А) Атау септік.
В) Шығыс септік.
С) Табыс септік
D) Көмектес септік.
Е) Жатыс септік.
Дұрыс жауап: С

Салт етістікті анықтаңыз.
А) Тыңда.
В) Көрді.
С) Оқыды.
D) Шықты.
Е) Шешті.
Дұрыс жауап: D

Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен орындалатынын білдіретін етісті белгілеңіз.
A) Өзгелік етіс.
B) Өздік етіс.
C) Ортақ етіс.
D) Ырықсыз етіс.
E) Өздік, ортақ етістер.
Дұрыс жауап: D

Өзгелік етістің жұрнақтарын белгілеңіз.
А) -н, -ын, -ін.
В) -ғыз, -гіз, -дыр.
С) -ыл, -іл, -л.
D) -ыс, -іс, -с.
Е) Жатыс септік.
Дұрыс жауап: В

Ортақ етіс қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Мектеп оқушылары шетелдегі достарымен хат жазысты.
В) Мұғалім оқушыға сабақ айтқызды.
С) Баласына қисса оқытты.
D) Алыстан бір қара көрінді.
Е) Шөп те шабылды.
Дұрыс жауап: А

Тәуелденіп тұрған есімшелерді көрсетіңіз.
A) Келетінің, береріңіз.
B) Келерсіздер, көрген.
C) Айтқанда, келетіннен.
D) Баратын, айтпақ.
E) Бермек, келер.
Дұрыс жауап: А

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *