Tест на казахском ент 80 — 95 страниц

Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
D) Құлағым ауырып жүр.
E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.
Дұрыс жауап: D

Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.
А) Күн сәулесі нұрын шашады.
B) Терезеден күн түсіп тұр.
C) Күнсіздерге күн болған.
D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.
E) Күн ыстық екен.
Дұрыс жауап: С

Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Бұл іс менің қолым екен.
B) Өз қолымен берді.
C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.
D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.
E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?
Дұрыс жауап: В

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де…
B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.
C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.
D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.
E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.
Дұрыс жауап: А

Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.
А) Жүзіктің.
B) Көзінен.
C) Өткендей.
D) Пысық.
E) Жігіт.
Дұрыс жауап: В

Көп мағыналы сөзді табыңыз.
Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.
А) Жақындаса.
B) Обаның.
C) Басында.
D) Жалпиған.
Е) Адам.
Дұрыс жауап: С

Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.
А) Жігер, күш.
B) Сыр, шық.
C) Терезе, есік.
D) Оқтау, тұтқа.
E) Түбір, түн.
Дұрыс жауап: В

Омоним сөзді көрсетіңіз.
А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.
B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.
С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.
D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.
E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.
Дұрыс жауап: С

Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек — өмір ажары.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна — айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
E) Мал сақтама, ар сақта.
Дұрыс жауап: А

Синоним болатын қатарды табыңыз.
А) Еріншек, сараң.
B) Ауыл-аймақ, ағайын.
C) Күйзелу, сүйсіну.
D) Келемеждеу, мазақтау.
E) Тоңу, шаршау.
Дұрыс жауап: D

Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.
А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.
B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.
C) Шеберден — олжа, шешеннен — сауға.
D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.
E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.
Дұрыс жауап: Е

Антонимді бар қатарды белгілеңіз.
А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.
B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.
С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.
D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.
E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.
Дұрыс жауап: А

Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.
B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.
Дұрыс жауап: В

Мақалды табыңыз.
А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.
B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.
D) Ғылым таппай мақтанба.
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Дұрыс жауап: Е

Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті.
B) Таяуда әкемізге ас береміз.
C) Ас дайындау – сенің міндетің.
D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы.
E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен.
Дұрыс жауап: В

Диалект сөзді табыңыз.
А) Қуырдақ.
B) Қамыр.
С) Табақ.
D) Кәсе.
E) Қазан.
Дұрыс жауап: D

Кәсіби сөзді табыңыз.
А) Жапырақ, гүлдесте.
B) Қоза, терімші.
C) Өсімдік, жеміс-жидек.
D) Жүзім, құлпынай.
E) Сәбіз, қарбыз.
Дұрыс жауап: В

Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы.
B) Құдағай.
C) Бөле.
D) Абысын.
E) Құдаша.
Дұрыс жауап: В

Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.
А) Қауын, қала.
B) Есік, қақпа.
C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.
D) Компьютер, монитор.
E) Әңгелек, торлама.
Дұрыс жауап: Е

Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.
B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.
C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
D) Үйдің іші ала-көлеңке.
E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.
Дұрыс жауап: С

Көнерген сөзге жатпайтын қатарды анықтаңыз.
А) Жарық жұлдыз, қызыл қайың.
B) Ханша, ханшайым.
С) Қызыл отау, кебеже.
D) Дойыр қамшы, қалқан.
E) Мауыты, батсайы.
Дұрыс жауап: А

Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.
А) 5.
В) 6.
C) 4.
D) 3.
E) 2.
Дұрыс жауап: Е

Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Төр бөлмеде шам жағылды.
B) Кәдуілгі, ағаш арасына ықтай қыстаған ауыл.
C) Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастады.
D) Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес.
Е) Қасындағы бар жолдасына қоржын тола манат, мақпал, сәлемдеме берілді.
Дұрыс жауап: Е

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *