Tест на казахском ент 110 — 125 страницы

Бұрынғы өткен шақ жасалатын етістік фомасын көрсетіңіз.
А) -а, -е, -й.
В) -мақ, -мек.
С) -атын, -етін.
D) -ған, -ген.
E) -ды, -ді.
Дұрыс жауап: D

Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.
А) Ана мәселені ерекше көрсетіңіздер.
В) Мұны Салиха апай күтіп тұр екен.
С) Бұдан әрі сөз қозғағысы келмеді.
D) Қазақтар туралы ештеңе естімепті.
E) Сөйткенше Оспан сырттан кіріп келді.
Дұрыс жауап: А

Етістіктің қалау райын анықтаңыз.
А) Екі жас бақытты болғай.
В) Достары да білгендерінше айтып көрген.
С) Не ексең, соны орарсың.
D) Мезгіл жетсе, мұз ерір.
E) Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті.
Дұрыс жауап: А

Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.
А) Әли елең ете қалды.
В) Гүлсім шыр етіп кеп бас салды.
С) Үлкеннің алдын кеспе.
D) Сендерді оятып жібердім бе?
E) Мерей Маржанға ризалығын білдірді.
Дұрыс жауап: С

Етістіктің шартты райын анықтаңыз.
А) Екі қошқар сүзіссе, ортасында шыбын өледі.
В) Досыңа достық — қарыз іс.
С) Ерінбеген етікші болады.
D) Ұста пышаққа жарымайды.
E) Жыртық тесікке күледі.
Дұрыс жауап: А

Көсемшелердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Сәрсен бірден одырайып қарайды.
А) Анықтауыш, баяндауыш.
В) Баяндауыш, толықтауыш.
С) Күрделі баяндауыш.
D) Бастауыш, баяндауыш.
E) Пысықтауыш, баяндауыш.
Дұрыс жауап: Е

Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Көргені көп көш бастайды.
А) Баяндауыш.
В) Толықтауыш.
С) Бастауыш.
D) Анықтауыш.
E) Пысықтауыш.
Дұрыс жауап: С

Анықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
А) Ел ұнатқан ұлын жасқамайды.
В) Қамданған қапы қалмайды.
С) Ұялған тек тұрмас.
D) Талапты ерге нұр жауар.
E) Қорыққанға қос көрінер.
Дұрыс жауап: А

Жіктелмейтін көсемше жұрнақтарын табыңыз.
А) -а, -е, -й.
В) -ып, -іп, -п.
С) -ған, -ген, -қан, -кен.
D) -ар, -ер, -р.
E) -ғалы, -гелі, -қалы -келі.
Дұрыс жауап: Е

Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Ұйымдасқан ұтады.
А) Бастауыш.
В) Толықтауыш.
С) Баяндауыш.
D) Анықтауыш.
E) Пысықтауыш.
Дұрыс жауап: А

Туынды үстеуді анықтаңыз.
А) Сонда да талай жерге еретін болды.
В) Әлі де түйе бақырады.
С) Онсыз да бітер істі тіпті осыншалық нығарлап жіберіпті.
D) Аяғында ауылдан әбден ұзап шықты.
E) Айнала дүние түгел ұмытылды.
Дұрыс жауап: С

Күрделі үстеуді табыңыз.
А) Тыным алмай баяғы іздерімен жүрді.
В) Көксерек өзгелерді ілгері жіберді.
С) Күндіз келіп көл жағасында, қамыста жатады.
D) Шетінен Көксерекше батыл.
E) Бұның екеуін бір күнде күздігүні жер қарада алған.
Дұрыс жауап: Е

Септік жалғауының көмегімен жасалған туынды үстеуді табыңыз.
А) Жерден қазылған бараққа тегіс келеді.
В) Көңілденіп алған қонақтар кезекпен ән шырқады.
С) Сөйте-сөйте хат жазуды бәріміз де үйрендік.
D) Тура қасқырларға қарай жүрді.
E) Бір күні Аян жалғыз көзді дәу туралы ертегісін бастады.
Дұрыс жауап: В

Негізгі үстеулерді анықтаңыз.
А) Шалқасынан, кеңінен.
В) Жоғары, әдейі.
С) Осылай, ақшалай.
D) Баяғыда, аңдаусызда.
E) Жөнімен, кезекпен.
Дұрыс жауап: В

Үстеудің қанша мағыналық түрі бар екенін көрсетіңіз.
А) 5.
В) 3.
С) 6.
D) 7.
E) 4.
Дұрыс жауап: D

Мөлшер үстеуін анықтаңыз.
А) Онша, бүгін.
В) Ақырын, баяу.
С) Недәуір, біраз.
D) Босқа, әдейі.
E) Соншалық, керемет.
Дұрыс жауап: С

Күшейткіш үстеуді анықтаңыз.
А) Талай, ілгері, әрі.
В) Мүлдем, тіпті, тым.
С) Әрең, бірден, босқа.
D) Шарасыздан, емін-еркін, әжептәуір.
E) Қасақана, орасан, нағыз.
Дұрыс жауап: В

Сын-қимыл үстеуін табыңыз.
А) Берілген сұраққа қолма-қол жауап берді.
В) Атасын әбден сағынып қалған Бақыт ешқайда жіберер емес.
С) Осы жүріспен-ақ талай жерге жетіппіз.
D) Ілгері басқан аяғы кейін кетті.
E) Соншалық не істеп қойыпты?
Дұрыс жауап: А

Мөлшер үстеуін көрсетіңіз.
А) Ақырын.
В) Зорға.
С) Бостан-босқа.
D) Емін-еркін.
E) Недәуір.
Дұрыс жауап: Е

Қате жазылған үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүгін.
В) Бірғыдыру.
С) Ала жаздай.
D) Ендігәрі.
E) Қолма-қол.
Дұрыс жауап: В

Пысықтауыш қызметіндегі мекен үстеуін көрсетіңіз.
А) Тыста отырған үлкендерге сәлем берді.
В) Содан бері көп жылдар өтті.
С) Арнайы соғып, апасын ала кетті.
D) Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше.
E) Көңілім шарықтап, өзгеше күй кешкендеймін.
Дұрыс жауап: С

Баяндауыш қызметіндегі сын-қимыл үстеуін табыңыз.
А) Айнала жым-жырт, қаннен-қаперсіз.
В) Үш айдың ішінде әжептәуір өсіп қалыпты.
С) Қойылған бағасы тым жоғары.
D) Күткен адамдарыңыз артта.
E) Елдің алды бағана келген.
Дұрыс жауап: А

Көп нүктенің орнына қажетті еліктеуішті көрсетіңіз.
Әжем ернін … еткізді.
А) Сарт.
В) Сырт.
С) Сылп.
D) Сылқ.
E) Саңқ.
Дұрыс жауап: С

Қажетті еліктеуішті табыңыз.
Санат уана қоймай … жылады.
А) Қарқ-қарқ.
В) Қорқ-қорқ.
С) Сырт-сырт.
D) Жырқ-жырқ.
E) Қорс-қорс.
Дұрыс жауап: Е

Еліктеуіштер қатарын көрсетіңіз.
А) Қарқ-қарқ, бүгжең-бүгжең.
В) Қарш-қарш, пыр-пыр.
С) Бұлтың-бұлтың, ербең-ербең.
D) Алба-жұлба, шарт-шарт.
E) Сылқ ету, қалт-құлт.
Дұрыс жауап: В

Көп нүктенің орнына қажетті еліктеу сөзді табыңыз.
Өзге жұрттың бәрі … боп тысқа қарай ақтарылды.
А) Сатыр-сұтыр.
В) Абыр-сабыр.
С) Шақыр-шұқыр.
D) Тарс-тұрс.
E) Тасыр-тұсыр.
Дұрыс жауап: В

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *