Дүние жүзі тарихы пәніне қазақ тілінде тест сұрақтары.
Сұрақ кітапшасы — 35 нұсқа.
1 нұсқа
- Алғашқы адамдардың топтасуы.
- A) Тайпа.
- B) Аталық ру.
- C) Ру.
- D) Аналық ру.
- E) Тобыр.
- Ежелгі Үндістанда мемлекет пайда болған уақыт:
- A) Б.з.д. IV ғасыр.
- B) Б.з.д. І ғасыр.
- C) Б.з.д. ІІ ғасыр.
- D) Б.з.д.ІІІ ғасыр.
- E) Б.з.д. V ғасыр.
- 1498 жылы 20 мамырда Васко да Гама экспедициясы жеткен Үндістанның қаласы:
- A) Мадрас.
- B) Бомбей.
- C) Карачи.
- D) Хайдарабад.
- E) Калькутта.
- Ленинград қорғанысы …
- A) 2 айға созылды.
- B) 900 күнге созылды.
- C) 1 айға созылды.
- D) 250 күнге созылды.
- E) 1,5 айға созылды.
- 1979-1989 жылдары Кеңес елінің әскері соғысты:
- A) Пәкстанда.
- B) Ауғанстанда.
- C) Иранда.
- D) Моңғолияда.
- E) Иракта.
- Ең биік Хеопс пирамидасы салынды:
- A) Б.э.д. 2600 жылы.
- B) Б.э.д. 2700 жылы.
- C) Б.э.д. 3000 жылы.
- D) Б.э.д. 1500 жылы.
- E) Б.э.д. 1750 жылы.
- Грек-парсы соғысында І Дарий жеңіліске ұшыраған шайқас:
- A) Афин шайқасы.
- B) Фермопиль түбіндегі шайқас.
- C) Платей түбіндегі шайқас.
- D) Саламин шайқасы.
- E) Марафон шайқасы.
- ХVI ғасырда Бабурдың жаулап алуынан кейін тәуелсіз үнді княздықтары тек Үндістанның:
- A) Шығысында ғана қалды.
- B) Батысында ғана қалды.
- C) Орталығында ғана қалды.
- D) Солтүстігінде ғана қалды.
- E) Оңтүстігінде ғана қалды.
- 1237 ж. соңында Руське 140 мыңдық моңғол әскерін бастап келген хан:
- A) Шағатай.
- B) Үгедей.
- C) Батый.
- D) Жошы.
- E) Шыңғыс хан.
- Ресейдін Қара тенізге шығу мақсатын жүзеге асырған патша:
- A) І Петр
- B) І Екатерина
- C) І Николай
- D) ІІ Екатерина
- E) І Елизавета
- XIX ғасырдың 40-шы жылдарында Африкадағы Гвинея шығанағының батысындағы территориясында құрылған АҚШ ықпалындағы мемлекет:
- A) Сенегал.
- B) Либерия.
- C) Ангола.
- D) Нигерия.
- E) Марокко.
- Үндістанда «Күш қолданбай қарсыласу» науқандарын үйымдастырушы:
- A) Б.Тилак
- B) М.Ганди
- C) Д.Неру
- D) Д.Синх
- E) Р.Капур
- 1955 ж. Бағдат пактісінің мақсаты.
- A) Ирак билігіне қарсылық көрсету.
- B) Иракқа экономикалық көмек көрсету.
- C) Ирактың ұлт-азаттық күресін тұншықтыру.
- D) Ирактың ұлт-азаттық күресін қолдау.
- E) Иракты әскери одаққа тарту.
- “Қырғи-қабақ соғыс” жылдарындағы негізгі қарсылас мемлекеттер:
- A) Германия мен КСРО.
- B) Ұлыбритания мен Франция.
- C) Жапония мен АҚШ.
- D) КСРО мен АҚШ.
- E) Германия мен Ұлыбритания.
- Спартак бастаған құлдардың Рим әскерімен соңғы шайқасқан жыл:
- A) Б.з.д. 71 жылы.
- B) Б.з.д. 52 жылы.
- C) Б.з.д. 95 жылы.
- D) Б.з.д. 70 жылы.
- E) Б.з.д. 80 жылы.
- Славян жазуын Руське таратқан патшалық:
- A) Болгария
- B) Чехия
- C) Венгрия
- D) Польша
- E) Германия
- Англияда феодалдық құрылыстың орнаған уақыты:
- A) XII ғасыр
- B) IX ғасыр
- C) XI ғасыр
- D) X ғасыр
- E) VIII ғасыр
- 1598 жылы Федор патша өлгеннен кейін, оның баласы болмағандықтан, патриархтың қолдауымен Земство соборы таққа отырғызған адам:
- A) Борис Годунов.
- B) Иван Грозный.
- C) Алексанр Невский.
- D) І Василий.
- E) Дмитрий Донской.
- 1848-49 жылдардағы Германиядағы революцияның нәтижесі:
- A) Германия бірікті.
- B) Помещиктердің үстемдігі жойылды.
- C) Елдің бытыраңқылығы сақталды.
- D) Монархия құлады.
- E) Буржуазияның билігі нығайды.
- І Интернационал таратылған жыл
- A) 1889 ж.
- B) 1896 ж.
- C) 1871 ж.
- D) 1883 ж.
- E) 1876 ж.