Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары 9-11-сыныптар

Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары 9-11-сыныптар

1-нұсқа
1.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.
D) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады.
E) Саяхатшылар көп келді.
2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
В) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
С) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
D) Кейде ұзақ жылдар жырланып, кейде ел ішінің әнгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызығып тыңдайды.
E) Жалғасы қызық болды.
3. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.,
А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.
В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
E) Еңбек баланы мықты етеді.
4.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
В) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді.
С) Күнзила ақырын кіріп, баласына мейірлене қарап тұрды.
D) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетіпті.
E) Баласы әдемі болып өсті.
5.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын.
В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.
С) Ексең егін, ішерсің тегін.
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
6.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.
В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.
С) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.
D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.
E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.
7.Біріңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.
А) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
В) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды.
С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды.
D) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
Е) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе, тоқтайды.
8.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
А) Ол: «Батыр хал қалай»? деді.
В) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
С) Ол: «Батыр, хал қалай?» — деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
Е) Ол, «Батыр, хал қалай?» — деді.
9.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А) «Көлтауысар, көлдің суын құрт!» — деді Төстік.
В) «Көлтауысар, көлдің суын құрт — деді Төстік.
С) «Көлтауысар, көлдің суын құрт деді Төстік.
D) Көлтауысар, көлдің суын құрт — деді Төстік.
Е) «Көлтауысар, көлдің, суын құрт – деді, Төстік.
10.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы.
В) -Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы.
С) Отыршы, жарығым, жөніңді, айтшы.
D) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы.
Е) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *