Қазақстан тарихының сабағынан тоғызыншы сыныпқа арналған тест

Қазақстан тарихының сабағынан тоғызыншы сыныпқа арналған тест

Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
A) Қ.И.Сәтбаев.
B) И.М.Губкин.
C) Н.С.Курнаков.
D) А.Панкратова.
E) А.И.Миронов.
Дұрыс жауап: В

Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:
A) 100 мың.
B) 150 мың.
C) 200 мың.
D) 220 мың.
E) 300 мың.
Дұрыс жауап: А

Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:
A) 1928 жылы.
B) 1929 жылы.
C) 1930 жылы.
D) 1931 жылы.
E) 1932 жылы.
Дұрыс жауап: D

«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:
A) Т.Жүргенов.
B) О.Қожанов.
C) С.Садуақасов.
D) Т.Рысқұлов.
E) О.Жандосов.
Дұрыс жауап: С

Ф.И.Голощекин ұсынған идея:
A) «ЖЭС».
B) «Әскери коммунизм».
C) «Азық-түлік салғырты».
D) «Индустрияландыру».
E) «Кіші Қазан».
Дұрыс жауап: Е

И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір:
A) Қарашығанақ.
B) Орал-Ембі.
C) Маңғыстау.
D) Атырау.
E) Құмкөл.
Дұрыс жауап: В

Түркісіб темір жолы жалғастырды:
A) Орынбор мен Ташкентті.
B) Орта Азия мен Оралды.
C) Орта Азия мен Сібірді.
D) Кавказ мен Орта Азияны.
E) Жетісу мен Орынборды.
Дұрыс жауап: С

Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:
A) Қ.Сәтбаев.
B) Н.С.Курнаков.
C) И.М.Губкин.
D) О.Жандосов.
E) Т.Жүргенов.
Дұрыс жауап: В

Түркісіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:
A) Жарты жылда.
B) Бір жылда.
C) Екі жылда.
D) Үш жылда.
E) Төрт жылда.
Дұрыс жауап: D

1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:
A) 235 мың.
B) 280 мың.
C) 300 мың.
D) 353 мың.
E) 375 мың.
Дұрыс жауап: Е

Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:
A) Ауыр өнеркәсіп.
B) Жеңіл өнеркәсіп.
C) Шикізат көздерін игеру.
D) Машина жасау.
E) Энергетика кәсіпорны.
Дұрыс жауап: С

Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:
A) Демократиялық басқару.
B) Ғылыми негізде басқару.
C) Жергілікті жағдайға негізделе отырып басқару.
D) Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.
E) Ұлттық негізде басқару.
Дұрыс жауап: D

Түркісіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға:
A) Т.Күзембаев.
B) Т.Қазыбеков.
C) Д.Омаров.
D) Ы.Жақаев.
E) Т.Рысқұлов.
Дұрыс жауап: В

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *