ҰБТ — 2012 физика тест

Кіріспе

Бұл оқу құралы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған. Оқу құралы өз бетінше тест тапсырмаларын орындау мақсатында құрылған. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ұсынылатын тапсырмаларды төмендегідей топтарға бөлуге болады: оқушылардың физикалық формулаларды есте сақтау мен өлшем бірліктерін меңгерілуін тексеру; физикалық ұғымдар мен шамалардың мазмұнын түсінуін; логикалық ойлау қабілеттілігін тексеру; қарапайым есептерді шығару дағдысын байқау; әр түрлі физикалық процестердің графиктерін талдау мүмкіншіліктерін тексеру; күрделі физикалық есептерді шығаруда математикалық түрлендірулерді жүргізу қабілеттіліктерін тексеру; физиканың әр түрлі саласынан білімдерін жинақтау. Мақсат-оқушылардың білімдерін арттыруға, қабілеттіліктерін дамытуға көмектесу.Оқу құралы талапкерлерге ұлттық бірыңғай тестке өз бетінше дайындалуға көмек ретінде ұсынылады
Кинематика
1.Спортшы 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы
A) 0; 0.
B) 400 м; 400 м.
C) 400 м; 0.
D) 0; 400 м.
E) 800 м; 0.
{Дұрыс жауап}= E
2. 4 м биіктіктегі терезеден лақтырылған тас үйдің қабырғасынан 3 м қашықтыққа түсті. Тастың орын ауыстыру модулі
A) 3 м.
B) 4 м.
C) 5 м.
D) 7 м.
E) 9 м.
{Дұрыс жауап}= C
3. 49 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дененнің
10 с кейінгі жүрген толық жолы мен орын ауыстыруы (g = 10 м/с2 )
A) 245 м; 0 м.
B) 245 м; 245 м.
C) 200 м; 200 м.
D) 0м; 0м.
E) 240 м; 0 м.
{Дұрыс жауап}= A
4. Еркін құлаған дененің 1 с жүрген жолы (g = 10 м/с2 )
A) 10 м.
B) 9 м.
C) 5 м.
D) 1 м.
E) 8 м.
{Дұрыс жауап}= C
5.Шеңбер бойымен қозғала отыра ұзындығы 109 км жолды автомобиль екі рет жүріп өтті. Автомобильдің жүрген жолының ұзындығы, орын ауыстырудың модулі
A) 109 км; 0.
B) 218 км; 0.
C) 218 км; 218 км.
D) 0; 0.
E) 109 км; 109 км.
{Дұрыс жауап}= B
6. Радиусы 30 м шеңбер ұзындығының жартысын велосипедші белгілі бір уақытта жүріп өтті. Осы уақытта жүрген жолы мен орын ауыстыруы
A) 90 м; 60 м.
B) 94,2 м; 60 м.
C) 93 м; 50 м.
D) 92 м; 30м.
E) 90 м; 30 м.
{Дұрыс жауап}= B
7. Биіктігі 4 м-ге лақтырылған тас қабырғадан 3 м қашықтыққа түссе, тастың орын ауыстыруы
A) 3 м.
B) 5 м.
C) 4 м.
D) 7 м.
E) 6 м.
{Дұрыс жауап}= B
8. Екі дененің қозғалыс теңдеулері және . Олардың кездесетін орны мен уақыты
A) 140 м; 10 с.
B) 100 м; 10 с.
C) 200 м; 10 с.
D) 200 м; 100 с.
E) 140 м; 140 с.
{Дұрыс жауап}= A
9. 2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5 с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5 с қозғалған катердің жүрген жолы
A) 50 м.
B) 60 м.
C) 25 м.
D) 100 м.
E) 90 м.
{Дұрыс жауап}= C
10. Жер бетінен 1 м биіктегі доп тағы 2 м вертикаль жоғары лақтырылып, жерге құлады. Доптың жолы мен орын ауыстыруы
A) 5 м; 1 м.
B) 4 м; 1,5 м.
C) 4 м; 2 м.
D) 5 м; 3 м.
E) 4 м; 2 м.
{Дұрыс жауап}= A

7 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *