2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2 және 9 маусым аралығында 165 Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінде (ҰБТӨП) өткізіледі.
Әр ҰБТӨП-те тестілеуді белгіленген тәртіпке сәйкес өткізу және жергілікті билік өкілдерімен өзара әрекет жасау мақсатында ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылған.
Биылғы жылы жалпы білім беру мекемелерін 121092 бітіруші аяқтайды. Қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсыруға 86998 оқушы ниет білдірсе, оның 63025- қазақ тілінде, 23973 орыс тілінде.
ҰБТ ашық әрі әділ өткізу мақсатында барлық пункттер қажетті металл іздегіштер, ұялы телефондардың, wi-fi, 3G, 4G сигналдарын тұншықтыратын құрылғылар және бейнебақылау камералары сияқты техникалық құралдармен жабдықталған.
ҰБТ өткізу Қағидаларына сәйкес, аудиториядағы тәртіп сақтау ережелерін бұзған бітірушілер Министрлік өкілдерінің шешімімен емтиханнан шығарылып, тиісті акт толтырылады.

2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

Ұлттық тестілеу орталығында 28-30 мамыр аралығында Министрлік өкілдерінің, апелляциялық комиссияларының төрағаларының, Министрлік программистері мен техникалық қызметкерлердің оқыту семинарлары өткізілді. Жалпы ҰБТ-ны өңірлерде өткізу және бақылау мақсатында жіберілетін Министрлік өкілдерінің саны биыл 1815 адамды құрады.
Қазіргі таңда емтихан материалдары көбейтіліп, белгіленген тәртіпке сәйкес өңірлерге жіберілді.
Жергілікті жерлерде ҰБТӨП қызметкерлері және білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлері тарапынан мектеп бітірушілері және ата-аналар қауымының арасында жиналыстарға қатысу, газеттерге тестілеу жайында мақалалар жариялау арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *